Ақтоғай ауданында жылдар бойы жөндеу көрмеген көшелерге асфальт төселді. Сондай-ақ ойын баласы үшін футбол алаңы ашылды. Толығырақ келесі сюжетте.
Мұндағы жолдар бүгінге дейін күрделі жөндеу көрмеген. Әсіресе жаңбырлы күндері көлік қозғалысы мүлдем қиындайтын. Ауыл халқы шұрық тесік жолмен жүруге мәжбүр болған. Өзекті мәселені шешу үшін бюджеттен 190 млн теңге қаржы бөлініпті.
ҚУАНЫШ ПІСТЕБАЕВ, АҚТОҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Биылғы таңда облыс әкімінің қолдауымен бонустық трансферт арқылы көптеген жұмыстар атқардық. Оның ішінде 13 көшеге жөндеу жұмыстарын жоспарлаған болатынбыз. Сол жөндеу жұмыстарының 11 көшесіне жасалды. Әлі толық аяқталған жоқ. Енді 2 көше қалды бізде. Екі көшені сотқа беріп, қайтадан конкурс жариялап мердігер анықталды. Ол кісі сол екі көшені жақын арада бастайтын болады. Жолдарға облыс 190 млн теңге ақша бөлінді.
Жалпы ұзындығы 4,5 шақырымға асфальт төселді. Бұдан бөлек ауылдағы ағайынның айтар жаңалығы көп. Аудан орталығы көшелеріне жарық орнатылып, футбол алаңы төселді.
ҚУАНЫШ ПІСТЕБАЕВ, АҚТОҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Мына көрші ауылда Прирес ауылда жарықтандыру жүйесіне жұмсалды ақша. Сонымен қөатар шағын футбол алаңдары салынды. Екі ауылда салынды Ақтоғай мен Приреченск ауылында. Балаларға ойын алаңдары салынды. Футболный поля бойынша бізде сұраныс бар. Жастар сұрақ көтереді бізге шағын Ақтоғайда жастарымыз көптеген жарыстарға қатысады. Жүлделі орын алады. Жетіспеушілік бар. Сонымен қатар Приреченск ауылы шашамен 300 ден аса адам тұрады. Жастар кешкі уақытта мында Ақтоғайға келіп, футбол ойнап кетіп жүрген, қазіргі таңда олардың ойын алаңдары бар
Ауылдың ажарын аша түскен игілікті істерге аудан халқы риза.
МАҚИЗА СӘКЕНОВА, АҚТОҒАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Мен өзім 2-ші топтағы мүгедек болғаннан кейін мында жүріп тұру қиын болатын. Балаларға да жақсы, көшеде автобустар жүріп жатыр. Өздеріңіз білесіз қандай ауа райы болғанын. Жауыннан жауын. Оны істеу қиын. Кісілер бәрі, қашан істелінеді деп. Міне құдайға шүкір. Жолдың бәрі жөнделіп
Жыл соңына дейін тағы Приреченск, Жоламан, Харьков елдімекендерінің жолдары орташа жөндеуден өтеді. Нәтижесінде жыл соңына дейін ауданда жол сапасы 90 пайызды құрамақ.
Әйгерім Тоқпанқызы