Мемлекет басшысының Жолдауы аясында айтылған атом электр станциясы құрылысы тақырыбын қоғам болып белсенді түрде талқылау жалғасуда. Ал, экологтар атом электр стансасының қоршаған ортаға көп зиянын тигізбей жұмыс істей алатынын айтады.

Атом электр станциясы көп мөлшерде радиоактивті шығарындылар мен қалдықтарды бөледі. Бұл еліміздің өсімдіктер және жануарлар әлеміне, сондай-ақ, азаматтардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін деген көзқарас кең таралған. Бірақ экологтар бұл қорқыныштың еш негізі жоқ деп отыр.

ТАТЬЯНА ПОНОМАРЁВА, БИОЛОГ, ЭКОЛОГ

Мен университетте радиобиология пәнінің оқытушысы болып жүрген кезімде бейбіт атомнан еш қауіп жоқ екеніне көз жеткіздім. Оның қорқыныштылығы туралы көзқарастар әр түрлі жағдайлардан, оқиғалардан қалыптасқан.

Мамандар атом энергиясының жағымсыз салдарын болдырмауға әбден мүмкіндік бар дейді.

ТАТЬЯНА ПОНОМАРЁВА, БИОЛОГ, ЭКОЛОГ

Қаупіне келетін болсақ, менің ойымша, сарапшылар АЭС-тың барлық оң және теріс жақтарын бағалай алады. Және осы атом электр станциясы орналасуы тиіс орынның да ең оңтайлы нұсқасын таңдай алады.

Айта кетерлігі, АЭС дауы ауқымының екінші жағында еліміздің экономикасы тұр. Станция Қазақстанның дамуына үлкен серпін береді деп күтілуде.

ТАТЬЯНА ПОНОМАРЁВА, БИОЛОГ, ЭКОЛОГ

Бұл біздің Қазақстан басшылығы таңдаған өте қажетті және дұрыс бағыт деп есептеймін. Біз болашақ ұрпақты ойлауымыз керек.

Атом электр станциялары бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан сонда да қоршаған ортаға кері әсерін тигізбеген елдердің де бар екенін атап өткен жөн. Мысалы, Финляндия екі атом электр станциясының іске қосылғанына қарамастан экологиялық таза елдер тізімінде жетекші орындардың бірін алады.

Жанасыл Серікбол, Анастасия Ерш