Биыл Ақтоғай ауданының «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігі филиалына 10 және «Аналар кеңесі» ұйымы құрылғанына 5 жыл толды. Осы аталған мерейлі шараларға орай «Мәдениетті ана- мәдениетті ұлт» тақырыбын арқау еткен конференция өтті. Алдағы сюжетте толығырақ.
Аудан орталығында өткен конференция қазір қоғамды алаңдатып отырған мәселе- тәрбие тақырыбын арқау етті. Балалар тәлімі , оның өмірінде ата-ананың алатын рөлі жайында әңгіме өрбіді. Соңғы уақытта елімізде жасөспірімдердің қатысумен орын алған келеңсіз оқиғалар қоғамға ой салды. Себебі, тәрбие-тал бесіктен бастау алады.
ҚЫЗЫР ЖАНАРЫС, «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» ҚБ ПОФ ТӨРАҒАСЫ
Бізге берілген тақырып саналы ата-ана кім деген сұрақ қойды. Халықпен жақсы семинар өткіздік. Баяндама жасадық. Саналы ата атаның қандай болуы керек. Мен санасызбын деп айтпайды. Біз бірінші өз өзіміізді түсіне білуіміз керекпіз. Қасымыздағы адамдарды қолдай білуіміз керекпіз. Сезімтал болуымыз керек. Оның барлығы маңызды. Мінсіз болу әркімнің қолынан келе бермейді. Саналы ата атаның қоғамға ең үлкен керек нәрсе .. халыққа елген жерге жан ашитын адам.
Бас қосу «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігі әзірлеген «салауатты сана» жобасы аясында өтті. Көкжиегі кең бастама бұқарадағы өзекті мәселелерді қамтиды. Берік отбасы, Берік қоғам, берік ұлт тәрбиелеу үшін жұмыла атқару тиіс мәселелер айтылды. Айта кетейік, Ақтоғай ауданы игі бастамалардың көшбасында. Әр ауылда «Аққу қыздар»әжелер, әкелер, аналар клуб жұмыс істейді.
ҚАТИМА ҚАРАҒОЖИНОВА, АҚТОҒАЙ АУДАНЫ «АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ» ТӨРАҒАСЫ
Бүгінгі біздің мына мерекеміз Нұр ана әлім ҚБ 10 жыл толды. Аналар кеңесіне 5 жыл толды. Барлық аудандардан құрметтеп құттықтауға келді. .. жобамыз мәдениетті ана мәдениетті ұлт сауалатты сана жобасымен жұмыс атқарып келеміз. Мақсатымыз жастарға тәрбие беру Қыз балалармен жұмыс атқару
Кейіннен шара ұйым белсенділерін марапаттау рәсімімен жалғасты. Одан соң концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Әйгерім Тоқпанқызы