Мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан бірқатар қолдау түрлері көрсетіледі. Көбі әлеуметтік және материалдық сипатта. Ал, 2025-жылдан бастап осы қолдау түрлеріне бірқатар өзгерістер енгізілмек.
Павлодар облысында мүгедектігі бар азаматтар саны 29 мыңнан асады. Оның 3789-ы бала. Өкінішке қарай бұл санаттағы тұрғындар саны өткен жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға артыпты. Әсіресе онколгиялық және психоневрологиялық сипаттағы науқастар саны көбейді.
Мемлекеттің міндетті көмектерінің ішіне мүгедектер арбасы, тифло, сурдо және гигиеналық құралдармен қамту кіреді. Сондай-ақ санаторлық курорттық жолдама да мемлекет міндетіне жүктелген көмек.
Сонымен қатар, бірінші және екінші топ мүгедектерін ортопедиялық құралдармен қамтмамасыз ету толықтай бюджет қаражаты есебінен іске аспақ. Тағы да атап өтерлігі, еңбеккке қабілеті бар жандарды жұмысқа орналастыру жолында мемлекет тарапынан бірқатар жұмыс орындарын субсидиялау шаралары жүруде.
Жанасыл Серікбол