Қамзин көшесінің бойында салынып жатқан жылу магистрының құрылысы аяқталуға жақын. Жауаптылар жылу маусымы басталғанша желінің де жұмысы аяқталады деп отыр.

ТМ13 жылу магистралының құрылысы биылғы жаз келе салысымен басталған болатын. Қазір аяқталуға жақын. Салынған желілерді сынау, сонымен қатар абаттандыру жұмыстары жүруде.

АБЫЛАЙ МҮШКЕНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Технологиялық жұмыстарды қыркүйек айының екінші жартысында аяқтаймыз деп отырмыз. Ал, абаттандыру жұмыстары, әрине, ауа райы жағдайын қоса есептегенде ай соңында аяқталады. Бұл магитральдың іске қосылуы 250 көпқабатты үйдің жылу сапасын қамтасыз етеді. Олардың ішінде әлеуметтік нысандар да бар.

Жылу желісінің ұзынды 2,6 шақырым. Ломов көшесіннен бастап Малайсары батыр көшесіне дейін Қамзин көшесін бойлай орналасқан. Жылу желісіне димметрі 800 мм құбырлар пайдаланылды. Жоба құны 6,9 млрд теңге.

Жанасыл Серікбол