Павлодар облысының халқы қатты отынмен қаншалықты қамтылды? Тұрақтарда көмір қоры жеткілікті ме? Мәселенің мәнісін тілшіміз тарқатады.
Павлодар еліміздегі көмір отаны. Қазір оны сатумен 10 ірі оператор
айналысады. Бүгінде қала шетіндегі қоймаларда 26 мың тонна, ал қала ішінде 16 мың тонна қатты отын бар. Облыста сұранысқа ие «Богатырь-Көмір» кен орнында өндірілетін тас көмірдің тоннасы 4,2 мың, ал "Майкубен Вест" кәсіпорынында шығатын қоңыр көмір тоннасы 8,3 мың теңге.
ТАХИР АКУЛБЕКОВ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫ ГАЗ-ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ОБЪЕКТІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ КӨТЕРГІШ ҚҰРЫЛЫСТАР БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Қазіргі уақытта жоспарға сәйкес көмір қорын бақылауда ұстаймыз. Бұл ең алдымен қатты отынның тапшылығы болмау үшін жасалынады. Өңірдің қалалары мен аудандарындағы барлық әлеуметтік нысандарын сәуір айына дейін көмірмен қамтамасыз етеміз
ҚЫМБАТ САДЫҚ, ТІЛШІ
Күн райы суыта салысымен қараша халық отын алуға асығады. Мәселен мына менің артымдағы көмір осы араға бірнеше күн бұрын жеткізілген. Қазір қала шетінде халық көп тұтынатын Майкөбе көмірінің тоннасы 13500 мың теңге, ал Шұбаркөлдің отыны 22500 теңгеден саудаланып жатыр
Баға мәселесін де мониторинг жүргізіледі. Яғни, көмір бағасын тұрақты ұстап тұру үшін ірі кәсіпорындар арнайы меморандум да жасасқан. Ал елді-мекеннің қашықтығына байланысты тұтынушы үшін бөлшек сауда бағасы бар.
ТАХИР АКУЛБЕКОВ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫ ГАЗ-ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ОБЪЕКТІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ КӨТЕРГІШ ҚҰРЫЛЫСТАР БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Біз көмір өндіретін ірі кәсіпорындарда көмір бағасының өсіп кетпеуін қадағалаймыз, оның негізінде арнайы меморандум сақталған. Енді халықтың әлеуметтік осал топтары көмір алу үшін әлеуметтік қорғау бөлімдері айналысады. Осы ірі кәсіпорындарынан көмір өтеусіз негізде беріледі. Ал қала шетінде сатылатын көмірлерде белгілі бір жеңілдіктер қарастырылмаған. Жалпы көмір қорын жетіспеушілік болмау үшін үнемі бақылаймыз
Сонымен, көмірсіз өмір көңілсіз екені анық. Ал бұл мәселеде өңірде әзірге тапшылық жоқ.
Қымбат Садық