Күз мезгілі басталысымен су айдындарына баратын балықшылар мен аңшылар көбейеді. Қандай қауіпсіздік шараларын ескерген жөн? Және шомылу маусымының аяқталуы туралы алдағы материалдан көрейік.
Қазір су айдындарына баратын және жүзу құралдарын пайдаланатын балықшылар мен аңшылардың саны жыл сайын артып келеді. Жылдың бұл уақыты суға бату және суда жазатайым оқиғалардың көптеп кездесуіне әкеледі, сондықтан жауапты мамандар сақтық шараларын ескертеді.
ТЕМІРЛАН ЖАПАЛБАЙ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдын алу шараларын жалғасын табады: су айдындарында мониторинг жүргізу және патрульдеу, халықты ақпараттандыру және оқыту, «Қауіпсіз балық аулау» акцияларын өткізу, балық аулау дүкендеріне плакаттар мен жадынамаларды тарату және нұсқамалар өткізу
Облыс аумағында 47 жағажай бар. Оның 27-сі коммуналдық, 20-сы жеке. Шомылу маусымында жүргізілген іс-шараларға қарамастан жыл басынан бері 10 адам суға кеткен, оның 3-еуі бала. Ал өткен жылы 6 адаммен жазатайым оқиға орын алған.
ТЕМІРЛАН ЖАПАЛБАЙ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ
Шомылу маусымында облыстың су айдындарында 6874 рейд өткізілді, 21 мыңнан астам жадынама таратылды, балалармен ақпараттық жұмыстар жүргізілді Ертіс променад сахнасында, одан басқа бассейндер арқылы жүзуді үйреттік, су айдындарында демалу кезінде алкогольді ішімдік ішу фактілері тіркелген. Оларға полиция тарапынан 444 бап бойынша хаттама толтырылған
Рейдтер барысында тыйым салынған жерлерде шомылу кезінде ережелер бұзғаны үшін 209 азамат ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айта кетейік, қазір өңірде шомылу маусымы аяқталды. Ережерді сақтамаған тұрғындарға 7 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Қымбат Садық