Облыс бойынша барлығы 286,4 мың гектар алқапта орақ науқаны атқарылды. Бұл- ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егілген алқаптарының 20 пайызы.

Соның ішінде 178,6 мың гектар астық алқабы орылды. Жалпы өнім 310,5 мың тонна. ОРташа түсім гектарына 11,1 центнер. Сонымен қатар осы уақытқа дейін 4,9 мың гектар алқаптан картоп жиналды. Ондағы орташа түсім гектарына 354 центнер. Көкеністің де көрсеткіші жаман емес. 1,6 мың гектардан 54 мың тонна жиналды.

Күзгі дала жұмыстарына 30,7 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 мың тоннаға артық. Жиналған өнідерді сақтау үшін облыстың ауыл шаруашылығы кәсіпорнында жалпы сыйымдылығы 277,3 мың тонна болатын 6 элеватор, 912 мың тонна болатын 263 қой ма бар. Айта кетсек, биыл 1,4 млн гектар алқапқа тұқым себілген еді.

Жанасыл Серікбол