Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «Қазақстан халқына» ұлттық қоры Ақтоғай ауданындағы №4-ші мектептің кабинеттерін қазіргі заманға сай құрал жабдықтармен қамтыды. Аудан оқушылары үшін биология, химия, география пәндеріне зертхана кабинеттері жарақталды. Толығырақ тілшіміз тарқатады.
«Қазақстан халқына» ұлттық қоры қазіргі уақытта ел бойынша жүздеген мектепті осы сынды кабинеттермен қамтыған. Қор есебінен әрбір мектепке 250 млн теңге бөлінді. Басты мақсат ауылдық жердегі тірек мектептердің әлеуетін дамытып, ұстаздардың білім деңгейін арттыру.
ҚАНЫМГҮЛ СОЛТАНАЛИНОВА, АҚТОҒАЙ АУДАНЫ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ ДИРЕКТОРЫ
Биылғы жыл берекелі жыл деп есептеуге болады. Жазғы мезгілде біздің мектебізі Қазақстан халқына қоры және білім саласындағы тұрақты дамыту қоры жобасына ендік. Осы жоба аясында біздің мектебіміз 150 млн теңгеге материал техникалық базасы нығайтылды. Барлық мектептердің кабинеттері жаңа заманауи парта, орындық, шкаф, мұғалімнің орны бүгінгі күні толығымен орнатылып қолданысқа берілді. Және де осы 250 млн теңгеге жаңа заманауи кабинеттер физика химия география кабинеттері ашылады деп жоспарлануда. Барлық игі істер жасөспірімдердің білімді болуына, тәрбиелі болуына ықпал етеді деп мен сенемін.
Ақтоғай ауданындағы Абай атындағы мектеп 2008 жылы ашылған. Қазір 311 бала білім алады. Мектеп шәкірттері орын алған жаңашылдықтарға риза.
МАРЖАН ӨМІРОВА, АҚТОҒАЙ АУДАНЫ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ 10 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Әр сыныптары орындықтарымен, парталармен спанчпанельдермен жабдықталған. Мен алғаш мектебіне кірген кезде өте қатты қуандым. Жаңа әкелінген, жабдықталған біздің оқушыларымыздың оқу орындарына және де мативацияларына үлкен көмек беріп, мативация оқушыларымызға береді. Бізде өте көп шеберханалар, лабораториялар биология, химия, география пәндеріне ашылып жатыр.
«Қазақстан халқына» ұлттық қоры ел халқын әлеуметтік және денсаулық сақтау саласын қолдауға бағытталған ұйымдардың бірі.
Әйгерім Тоқпанқызы