Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы ретінде жарияланды. Бұл шешім ел экономикасының дамуына жұмысшы мамандықтардың маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Ақтоғай ауданының мамандары бұл жолдауды қолдап отыр.

2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау, елдің тұрақты дамуы үшін жасалған маңызды қадам. Бұл жыл жұмысшылардың мәртебесін арттырып, олардың еңбегіне қоғамның назарын аударатын кезең болады. Қолдау мен қамқорлықтың арқасында жұмысшы мамандардың беделі артып, Қазақстанның экономикалық әлеуеті одан әрі дами түседі.

ОКТЯБРЬ ЖҰМАЙХАН, АҚТОҒАЙ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ БАСШЫСЫ

Мемлекет басшысының биылғы жолдауы қарапайым еңбек адамдарын бір қуантып қойғаны анық. Өйткені президент 2025 жылды жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған болатын. Сондықтан, құрылыс, ауыл-шаруашылығы, өнеркәсіптік сияқты кез-келген салада аянбай еңбек етіп жүрген жұмысшыларға көңіл бөлініп, мәртебесі артатыны анық. Сонымен қатар, кәсіптік білім беру саласына реформа жасау айрықша өзекті мәселе екендігін атап өтті. Осыған орай ауыл-шаруашылығына қажетті жұмысшы мамандар даярлайтын колледжіміз үшін мол мүмкіндіктер ашылады деген ойдамын.

Қоғамға қажет жұмысшы мамандардың беделі артатын шақ келді. Кез-келген еңбек-қадірлі. Иә, әрбір жұмысшының еңбегі бұқарада дұрыс жұмыс істеуі мен дамуына бағытталған. Сондықтан, барлық жұмыс орындарына бірдей құрметпен қарау, әрбір маманның еңбегін бағалау-біздің қоғамымыздың дамуы үшін маңызды қадам.

ОКТЯБРЬ ЖҰМАЙХАН, АҚТОҒАЙ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ БАСШЫСЫ

Өз тарапымнан осы жолдауда берілген бағыт-бағдарлар бойынша нұсқауды тиімді қолданып, жұмысшы мамандарын мәртебесін арттыру үшін жұмыс жасау басты міндетіміз деп санаймын. Мемлекет басшысы өз жолдауында жұмыстың жаманы жоқ кез-келген еңбек қадірлі. Ең бастысы әркім жауапкершілікті терең сезініп өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сапалы сара жолына түседі деген ойдамын.

Айта кетейік, Ақтоғай ауданында аграрлық-техникалық колледжінде 147 студент білім алады. Қазір аталған білім беру мекемесі ауыл-шаруашылығына қажетті жұмысшы мамандарын даярлап отыр.

Сабина Жолдаспаева