Иса Байзақов атындағы филармония жаңа маусымын ашпақ. Шығармашылық ұжымның қызу дайындығымен арнамыздың түсірілім тобы танысып қайтты. Алдағы материалға кезек берейік.
80 жылдық тарихы бар филармония сахнасында алғаш рет бірден үш баритон бір дауыста ән салады. Олар филармония солистері Алмас Мұқатай, Айбар Ашкеев, Алижан Қазбеков. Трио концертін дирижер Виктор Шейкин мен «Джаз» оркестері сүйемелдейді, ал концертмейстер талантты жас маман Ерлік Сайырхан.
ЕРЛІК САЙЫРХАН, КОНЦЕРТМЕЙСТЕР
Иә, бұл филармония тарихындағы алғашқы ең үлкен концерттердің бірі үш баритонның. Осы концерттің ашылуында мен фортепианиода сүйемелдеймін. Оның ішінде қазақтың әндері. Концерт өте жоғары өтетініне сенімдімін, дайындық қызу. Үш баритон концертті алып шығатынына сенімдімін
Концерт жалпы үш блоктан тұрады. Бірінші тек қазақ әндерімен ашылса, қалған бөлігі классикалық әндерге арналады. Айта кетейік, филармония ұжымы дүбірлі Көшпенділер ойынына да қатысып, мерекелік кеш ұсынып,көрермен көңілінен шыққан.
СӘУЛЕ МҰҚАЕВА, ИСА БАЙЗАҚОВ АТЫНДАҒЫ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуымен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Оның ішінде би ансамбльдері, солистер бар. Концертте жерлес ақын-композиторлардың әндері орындалды. Жалпы көрерменге үлкен әсер қалдырды, сондай-ақ, ұйымдастырушылар тарапынан өте жоғары баға алды. Өзімізге бұл үлкен мәртебе
Иса Байзақов атындағы филармонияның жаңа маусымын 22-қыркүйекте симфониялық оркестр ашады. Ал баритон триосының концерті 2-қазанда өтеді.
Қымбат Садық