Бүгін Ертіс телеарнасының директоры Гүлнаш Болатқызының меншікті мерекесі. Туған күн иесін шын жүректен құттықтаймыз. Экранға зер салайық.

Гүлнәш Болатқызы 1986 жылы Павлодар Мемлекеттік Индустриалдық Университетін инженер-технолог мамандығы, ал 1989 жылы Мәскеудегі телевизиялық режиссура мектебін режиссура мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 1992 жылы облыстық телерадиокомпаниясында бағдарламалар режиссеры қызметінен бастап, 2004-2007 жылдар аралығында «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бас режиссер қызметін атқарды. Кейін 2018 жылдан бастап Ертіс телеарнасына басшылық қызметке тағайындалды. Осы жылдар аралығында ол аймақтық арнаның қайнап жатқан қазанына зор үлес қосып келеді.

Арна басшысы саналы ғұмырын журналистикаға арнаған жан. Еңбек жолында түрлі марапаттарға ие болды. Ақпарат айдынында жүріп, сапалы телеөнім, тұщымды ақпарат беретін тың жобалар жасауда аянбай еңбек етеді. Басшымыз жас буынға жан-жақты, жауапты, идеяға толы маман және үнемі ізденіс үстінде болу керектігін әркез айтып отырады.

Тұла бойына парасаттылық қасиетті қалыптастарған басшымыз Гүлнәш Болатқызын әріптестері құрметтейді, мақтан тұтады. Мерейлі меншікті мерекесінде ұжымы ыстық ықыластарын білдіріп, зор денсаулық, отбасына амандық, күш-қуат тілейді.

Қымбат Садық