Мемлекет басшысы Жолдауда медицина саласына ерекше назар аударды. Ақтоғай ауданының дәрігерлері де Президенттің тапсырмасын қолдап, оның жүзеге асуына өз үлестерін қосуға дайын екендерін жеткізді.

Медицина саласына көңіл бөлу қажеттілігі қоғамның денсаулығын жақсартып, болашақ ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Бұл салаға инвестиция салу, заманауи технологияларды енгізу және медициналық мамандарды даярлауға назар аудару қажет деді Мемлекет басшысы.

ЖАНБОТА ЗЕЙНЕЛҚАБДОЛ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ПЕДИАТР-ДӘРІГЕРІ

Президентіміздің медицина саласына көңіл бөлу туралы айтылған, яғни бұл жылдағы президентіміздің жолдауында айтылатын мәселе болып табылады. Ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Медицина саласына қазіргі таңда жас мамандарды тарту керек. Сонымен қатар, ауылдық жерлерде медицина саласына көп көңіл бөлуі туралы айтылған.

Келер жылы бірнеше дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден кейін ашылады. Ал ауданда болса дәрігер тапшы.Медициналық оқу орындарын қолдау арқылы бұл мәселені шешуге болады. Бұны Президент жолдауда атап өтті.

ЖАНБОТА ЗЕЙНЕЛҚАБДОЛ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ПЕДИАТР-ДӘРІГЕРІ

Бұл біздің де Ақтоғай ауданындағы ауруханасына да өзекті мәселенің бірі болып табылады. Яғни, бізде биылғы таңда Ақтоғай ауданында бірнеше дәрігерлік амбулаториялар күрделі жөндеулерден өтіп, медицина қызметкерлері, жас мамандар бізге келіп жатыр.

Медицина саласының болашағы, әсіресе балалар үшін өте маңызды. Олардың денсаулығы – қоғамның болашағының негізі. Халықтың денсаулығын жақсарту жолында жұмыс істейміз деген ниетін білдірді спикер.

ЖАНБОТА ЗЕЙНЕЛҚАБДОЛ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ПЕДИАТР-ДӘРІГЕРІ

Мен өзім педиатр дәрігері болып табылғандықтан президент жолдауы бізге де қажетті. Яғни еліміздің болашағы үшін өзіміздің қызметімізді қосып оған көптеген үлес қосып жатырмыз деуге болады. Бүлдіршіндерімізге біздің тарапымыздан көп қызметтер көрсетіліп жатыр.

Медицинаға тұрақты түрде көңіл бөлу — дені сау, бақытты қоғам құрудың маңызды қадамы. Бұл сала технологиялық және ғылыми жетістіктер адам өмірін ұзартып қана қоймай, оның сапасын жақсартуға бағытталған.

САБИНА ЖОЛДАСПАЕВА ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК ЕА АҚТОҒАЙ АУДАНЫНАН