Қаладағы орталық жағалауда бірқатар жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тоығырақ алдағы сюжеттен көрейік.

20 жыл ішінде қаладағы орталық жағалауға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта негізгІ орталық бөлігінде жұмыстар аяқталған. Жағалаудың өзі инвесторлар үйіне дейін созылады.Сондықтан жөндеу жұмыстары Естай көшесінің басынан басталатын жөндеу инвесторлар үйіне дейін жалғасады.

АЙНҰР СӘДУАҚАСОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Бүгінгі таңда ауданы 20 мың шаршы метр болатын төсеніштер, баспалдақ маршындағы жиектер, плиткалар ауыстырылды. Сыртқы жарықтандыру кабельдерін төсеу жұмыстары жүргізіліп, металл қоршаулар мен мафтар орнатылды. Сондай-ақ, автоматтандырылған суару құрылғысы бойынша жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда инфесторлар үйінің жанында қарау алаңын нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыстардың барлығын мердігер «Grappa STROY» ЖШС атқаруда. Яғни оларда жұмыс істейтін адам саны жеткілікті, сондай-ақ, барлық қажетті техникамен қамтылған.

Айта кетейік, жоба екі жылға қарастырылған. Мердігер ұйым инвесторлар үйі жанындағы бақылау алаңын нығайтады.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЮРИЙ БЕЛЕВСКИЙ