Майқайың кентінде 40 тонна шөп жанып кетті. Қысқыға дайындаған мал азығының 130 орамасының күлі көкке ұшты. Өрттің себеп салдары қандай? Тілшіміз айтсын.

Баянауыл ауданы Майқайың кентінде 250 шаршы метр аумақта 100-ден астам орама шөп жанып кетті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, 17 адам мен арнайы көлік жұмылдырылды. Осы ретте төтеншеліктер тұрғындарға қысқы шөпті электр желілерінен 15 метр және жолдардан 20 метр жерде алыс сақтауға шақырады. Қысқы жем-шөп пен астық дақылдары қоймаларын өрт сөндіру жабдықтарын қамтыған жөн. Осы ретте, төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша Майқайын кентіндегі жеке жайдағы өрттің шығу себебі өрт қауіпсіздігін сақтамаудан болған.

САМАЛ ҚАЛИҚЫЗЫ ЕА