Железин ауданында дзюдодан Теміршот қажыны еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Спорттық шара биыл 17-рет ұйымдастырылды. Оған 8 облыстан 250 спортшы қатысты.

Теміршот қажыны еске алуға арналған турнир өңіріміздегі репуликалық деңгейде өтетін басты бәсекелердің бірі. Қаншама жылдан бері ауылда өтіп, ауылда ұйымдастырылып келе жатқан спорттық бәсекенің еліміздің жас өскіндері үшін берері мол. Әсіресе Железин ауданының жас өскіндерінің алары көп.

АМАНГЕЛДІ НҮКЕНОВ, ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ

Жылда жылда әкеміздің құрметіне осы турнирді өткіземіз. Бұны негізі қалада да өткізуге болады. Бірақ, республикалық ауылымызда өткізудеміз. Ауылдың балаларына көрсету үшін. Солар үйрену үшін. Сол үшін жылда-жылда өз елімізде өткізіп отырмыз.

Шараға әлемге танымал спортшылар да құрметті қонақ ретінде қатысты. Солардың бірі – Парижде өткен олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев. Жарысты ұйымдастырушы Нүкентовтар әулеті Ертіс-Баян өңірінің тұрғындары атынан таза қанды тұлпар мінгізді.

Алып анадан туып, ауылда өседі. Турнирдің негізі мақсаты да аулы жастарын спортқа баулу. Бұл тұрғыда Теміршот қажыны еске алуға арналған бәсеке өз мақсатына жетіп жатыр деуге болады. Мәселе, олимпиада чемпионы Елдос Сметов даңты жолын осы турнирден бастаған.

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, ӘДІЛХАН МҮТАЛАПОВ ЕА, ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫНАН.