Павлодарда мұз кешенін салуға 19,9 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының Құрылтайдың алғашқы сессиясында қойған міндеттері аясында Үкімет өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды озық дамыту бағытында жұмыстар жүргізіп жатыр. Мәселен, Павлодар қаласында көпфункционалды Мұз сарайы спорт кешенін салу жобасына 19 млрд 918 млн теңге бөлінді.
Мұз сарайының жобасында олимпиадалық стандарттарға сай ұзындығы 400 метр конькимен жүгіру жолы, канадалық және еуропалық форматтағы екі хоккей алаңы, сондай-ақ керлингке арналған жолдар қарастырылған.Сонымен қатар, 500 көрерменге арналған трибуна, жаттығу залы, жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған бөлмелерді жабдықтау жоспарлануда. Кешеннің жалпы аумағы 22 мың шаршы метрден асады.
Талғат Сәкен, дене шынықтыру және спорт басқармасы бөлімінің басшысы
Қазіргі уақытта құрылыс-техникалық жұмыстарды жүргізу, нысанды жабдықтау және жер учаскесін дайындау жұмыстары атқарылуда. Бұл нысан Павлодарда қысқы спорт түрлерін – керлинг пен шайбалы хоккейді дамытуға мүмкіндік береді. Осы жобада спорттың бес олимпиадалық түрін дамытуға жағдай жасалады. Сондай-ақ спорттық инфрақұрылымды дамытуға және халықты бұқаралық спорт түрлеріне көбірек тартуға мүмкіндік береді.