Негізгі Жаңалықтар Павлодарда экологиялық маңызы жоғары жаңа өндіріс орны салынып жатыр

Павлодарда экологиялық маңызы жоғары жаңа өндіріс орны салынып жатыр

Павлодарда макулатура өңдейтін жаңа өндіріс орыны салынып жатыр. Жоба құны 10 млрд теңгеден асады. Кәсіпорын жобалық қуатына шыққаннан кейін жылына 75 мың тоннаға дейін қағаз қалдықтарын қайта өңдей алады. 



Құрылыс «Жасыл даму» АҚ бағыттаған кәдеге жарату төлемдері есебінен қаржыландырылған. Бөлінген қаражат толық игерілді. Қазіргі уақытта өндірістік цехтардың құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар жабдықтарды орнатуға арналған іргетастар салынып жатыр. Нысанды 2028 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Гүлнар Қайдарова, кәсіпорын басшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомат Тоақев «Таза Қазақстан» идеясын қоғамға ұсынды. Бұл дер кезінде айтылған сөз болды. Қазіргі әлемде бәріміз қоқыс тастаймыз. Оның ішінде қағаз, картон бәрі бар. Сондықтан біздің жобамыздың экологиялық маңызы өте жоғары. Табиғатты қорғау қазіргі уақытта өектілікке айналды.

Еліміздің Жаңа Конституциясындағы экологиялық заңға сәйкес енді қалдықтар көмілмейді, қайта өңделеді. Бұл тұрғыда да кәсіпорынның маңызы айрықша. Зауыт ашылған соң онда 250 дей адам жұмыс істемек. 


Бөлісу