Негізгі Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрі жұмыс сапарымен келді

Ауыл шаруашылығы министрі жұмыс сапарымен келді

Күзгі науқан аясында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өңірге жұмыс сапарымен келді. Павлодар және Успен аудандарындағы шаруалармен кездесіп, жұмыс жайын тексерді. 


Ауыл шаруалышығы министрі Айдарбек Сапаров пен облыс әкімі Асайын байханов алдымен Павлодар ауданындағы бірқатар қожалықтармен кездесті. Мәселен, «Андас Агро» ЖШС нің негізгі басымдықтарының бірі – суармалы егіншілік көлемін одан әрі ұлғайту. Қазір 300 гектар суармалы жерді айналымға енгізіп жатыр. Бұл мақсатқа 400 миллион теңге қарастырылған. Ал 2027 жылы тағы 614 гектар жерді игеру жоспарлануда. Бұл кезеңге 700 миллион теңге инвестиция салынады. Осылайша, екі жыл ішінде жаңадан игерілетін суармалы жер көлемі 914 гектарға артпақ. 

Ал, Успен ауданындағы «Болаттар» ЖШС суармалы егіншілікті дамытуға ат салысуда. Ол тереңнен су алып, технология орнатып, жүйесін жасаған. Бұндай ілгері іске барып жатқаны үшін мемлекет тарапынан қолдауға ие болған. 

Ао, «Галицкое» қодағы суармалы алқапты дамыта бастағанына 10 дылға жуықтады. Қазір суармалы алқаптардың көлемі 1600 гектарға жетті. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 2100 гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Біраз қожалықтарды аралап көрген министр құрғақшылық ауа райы жағдайында технологияның артықщылығы өзін дәлелдеп жатқанын айтты. 

Министр президент тапсырмасына сәйкес суармалы егіншілікті дамыту ісі одан әрмен жалғасатындығын айтты. Сондай-ақ, майлы дақылдарға да сұраныстың артқанына тоқталып, соңғы жылдары майлы дақылдар егілетін алқап көлемі 600 мың гектардан 5,2 миллион гектарға дейін ұлғайғанын айтты. 


Бөлісу