Супер келін - 2026
Олар ақылды, әдемі әрі пысық. Ән де шырқайды, қамыр да жаяды. Бұл Ертіс Баян өңірінің супер келіндері. Екі жылдық үзілістен кейін бұл сайыс қайта өткізілді. Бұл жолы келіндер қандай сыннан сүрінбей өтті екен? тілшіміз баяндасын.
Жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Супер келін - 2026» байқауы өтті. Байқауға өңірдің ақылды, пысық келіндері қатысып, өзара бақтарын сынады.
Жадыра Биәділ, қатысушы
Байқауда ешқандай тапсырма қиындық туғызған жоқ.Күнделікті үйде қамыр жинап жүрміз, сол сияқты қонақ келгенде ассатын етіміз күнделікті тапсырма десек те болады. Баланы бесікке бөлегенде айтатын әндеріміз сияқты.
Байқауға алғаш рет келіп отырған қатысушы 27 жастағы Маринаның келіндік өміріне биыл алты жыл. Сайысқа біраз уақыт дайындалып, өз өнерін жоғары деңгейде көрсетуге ниетті. Ұлты басқа болса да, ол сәлем салу, қонақ күту сынды дәстүрлерді күнделікті өмірінде ұстанады екен.
Байқау 5 кезеңнен тұрды. Алдымен келіндер өздерін таныстырып, ұлттық тағам әзірлеп, шәй дәстүрін ұсынды. Ал, төртінші кезеңде этно-батлда бақтарын сынап, соңында өз өнерлерін көрсетті.
Айта кетейік, байқау екі жыл үзілістен кейін қайта жаңғырып отыр. Сайыс қорытындысы бойынша бұл күні өңірдің «Супер келіні», «Шебер келіні», Өнерлі келіні» анықталды.
Перизат Кәкім