Негізгі Жаңалықтар Автофестиваль

Автофестиваль

Павлодарда жаңа ипподром «Ertis» аланыңда алғаш рет ауқымды LowKzMeet автофестивалі өтті. Іс-шараға Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов та қатысты. Ол автокөлік жобаларымен танысып, қатысушылар және қонақтармен пікір алмасты, сондай-ақ кәсіби пилоттардың өнерін тамашалады.⠀

Фестивальге Қазақстанның әр өңірінен келген 150-ден астам жарқын әрі ерекше автокөлік иесі жиналды.Қонақтар сирек кездесетін модельдерді,тюнинг-жобалар мен спорттық көліктерді тамашалап,автоспортшылардың ипподромдағы әсерлі өнерін көрді.Қалағандар дрифт-таксидің көмегімен автоспорттың эмоциясын сезіне алды.Жолаушылардың бірі ретінде облыс әкімі де дрифт-таксидің қызметін пайдаланды.

⠀ Бағдарламада стрибол,EA Sports FC турнирлері,балалар алаңы және түрлі интерактивті ойындар өтті.

LowKzMeet күздің алғашқы күндерін автомобиль мәдениеті,спорт,музыка және отбасылық демалысты бір арнаға тоғыстырған жарқын мерекеге айналды.





Бөлісу