Негізгі Жаңалықтар Отан қорғаушылар қатары толықты

Отан қорғаушылар қатары толықты

Бірі үшін – өмірдің жаңа кезеңі, енді бірі үшін – мақтанышқа толы әрі толқынысты сәт. Павлодар облысында мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтардың кезекті тобы әскер қатарына аттанды. Жастардың басым бөлігі Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге өз еркімен ниет білдірген. 


Павлодардан 25 жас сарбазды ата аналары, туыстары әскерге шығарып салды. Жастар Астана қаласына әскери қызмет атқаруға аттанды. Олар елорда көшелерінде патрульдік қызмет атқарып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысады.

Айдос Әбілтаев, Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары

«Павлодар облысының әскери шақырылушылары Ұлттық ұлан қатарына, 5573 әскери бөліміне аттанып жатыр. Бүгін 25 азамат Отан алдындағы әскери борышын өтеуге ниет білдірді. Болашақ әскери қызметшілердің жасы – 18 бен 23 жас аралығында. Айта кету керек, азаматтардың басым бөлігі әскери қызметке өз еркімен аттанып жатыр».

Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары жастар әскери комиссариаттарға өздері келіп, әскери қызмет өткеру мүмкіндігіне қызығушылық таныта бастаған. Көпшілігі тіпті қай әскер түрінде қызмет еткісі келетінін алдын ала анықтап қояды. Сол жастардың бірі – Роман Орлов. Ол бала кезінен әскери адам болуды армандаған. Жігіттің айтуынша, Отан қорғау – әр қазақстандықтың азаматтық борышы. Сондықтан оқуын аяқтай салысымен әскери комиссариатқа барған.

Роман Орлов, жас сарбаз

«Бірінші шақырту маған сәуір, наурыз айларында келді. Ұлттық Ұланға ұсыны болды. Бірақ оқуым аяқталмағандықтан, бара алмадым. Маусымда келгенде толық деді. Сосын күзгіге қалдырды. 

Жас жігіттің бұл шешімін жақындары да қолдаған. Олардың айтуынша, әскери қызмет Романның өз бетінше шешім қабылдауына, шыңдалып, өзіне деген сенімін арттыруына көмектеседі. Дегенмен жақындарынан ажырау оңайға соқпаған.

Валентина Капалова, жас сарбаздың туысы

«Біз қатты уайымдап тұрмыз, осы жолы абыроймен өтеді деп сенеміз. Ер бала ретінде жаңа дүниелерді меңгеріп үйренеді деп ойлаймыз. Мақтанып, қуанып отырмыз. Бастысы аман есен келуін тілейміз. 

Сарбаздарды шығарып салуға тек туыстары ғана емес, қоғамдық ұйымдардың өкілдері де келді. Олар сарбаздарға сәттілік тілеп, төзімділік, мықты денсаулық және әскери қызметтің осы маңызды кезеңінен абыроймен өтуді тіледі.


Айта кетейік, биыл күзгі шақыру маусымында Павлодар облысынан 734 сарбаз әскер қатарын толықтырады жеп жоспарланып отыр. 


Самал Қалиқызы



Бөлісу