Мемлекеттік қызметке іріктеу онлайн жүйеде өтеді
Мемлекеттік қызметке іріктеу онлайн жүйеде өтеді. Бұл мүмкіндікті пайдаланып, мемлекеттік қызметке келіп жатқандар да бар. Солардың бірі Мадина Ыдырысова.
Мадина Ыдырысова Павлодар қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде жалпы биология мамандығы бойынша білім алды. Ол биология, жалпы зерттеу жұмыстарын бала күнінен жақсы көреді екен. Дипломын ала сала бірден мемлекеттік қызметке өтуді қалаған.
Мадина Ыдырысова, жас маман
Бірінші ол менде Конституция бойынша тест өттім. Содан кейін конкурс ашылған кезде құжаттарды тапсырдым. жалпы практикалық бағалау өттім. Одан кейін конкурста жеңдіңіз деген хабарлама келген болатын. содан кейін мені жұмысқа бірден қабылдады.
Сонымен енді, Мадина Павлодар қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында жетекші маман ретінде жұмыс жасайды. Өз сөзінде ол мемлекеттік қызметке іріктеудің онлайн форматта өтуі біраз жеңілдік жасағанын жасырмады.
Мадина Ыдырысова, жас маман
Жас маман ретінде мемлекеттік қызметке іріктеудің онлайн жүйеге көшкенін жақсы өзгеріс деп санаймын. Қазіргі заманда көп нәрсе цифрлық форматқа ауысыа жатып, сондықтан бұл уақыт талабына сай шешім. Онлайн форматтың ең үлкен артықшылығы уақытты үнемдеу. Құжаттарды рәсімдеу және іірктеу кезеңдерінен өту әлдеқайда ыңғайлы болды. Бұл мемлекеттік қызметке алғаш рет келген жас мамандарға үлкен көмек деп санаймын.
МЕмлекеттік қызметке іріктеудің онлайн жүйесіне көшуі – заманауи, ыңғайлы және уақыт талабына сай шешім.
Самал Қалиқызы