«Айтылды – орындалды»: тұрғын үй
Айтылды – орындалды. Жыл басынан бері елімізде 9,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,9 пайызға көп. Тұрғын үй құрылысының жоғары қарқыны Павлодар облысында да байқалады. Өңірде пайдалануға берілетін баспана көлемі артып келеді. Ал келесі жылы бұл көрсеткіштің айтарлықтай өсіп, екі есеге жуық ұлғаюы күтілуде.
Қоңыр күздің осынау шуақты мезгілінде Железин тұрғындарының көңіліне тағы да қуаныш қосылды. Көптен күткен баспана табысталмақ. Үйі бардың ғана күйі бар деп білген адам баласы үшін бұл үлкен шаттық, үлкен мерей.
Үш қабатты үй қысқа мерзімде салынған. Ауданда әлеуметтік тұрғын үй соңғы рет 2024 жылы берілті. Қазір аудан бойынша 354 тұрғын кезекте тұр. Бұл үй облыстық бюджет есебінен салынды.