Негізгі Жаңалықтар Железиндік 36 отбасы баспана кілтін иеленді

Железиндік 36 отбасы баспана кілтін иеленді

Облыс әкімі Асайын Байханов Железин ауданына жұмыс сапарымен барды. Алдымен аудан тұрғындарының қуанышына ортақтасып, су жаңа әлеуметтік пәтерлердің кілтін табыстады. 



Қоңыр күздің осынау шуақты мезгілінде Железин тұрғындарының көңіліне тағы да қуаныш қосылды. Көптен күткен баспана табысталмақ. Үйі бардың ғана күйі бар деп білген адам баласы үшін бұл үлкен шаттық, үлкен мерей.  

Үш қабатты үй қысқа мерзімде салынған. Ауданда әлеуметтік тұрғын үй соңғы рет 2024 жылы берілті. Қазір аудан бойынша 354 тұрғын кезекте тұр. Бұл үй облыстық бюджет есебінен салынды.

Бұдан соң облыс әкімі аудандағы жаңартылған қазандықтың жұмысын тексерді. Жоба аясында қазандықтың жобалық қуаты үш МВт-тан алты МВт-қа дейін арттырылды. Қазандық жабдықтары толық жаңартылып, жылу желілерінің шамамен үш шақырымы қайта ауыстырылды. Сонымен қатар құбырлардың диаметрі ұлғайтылып, жаңа түтін мұржасы мен түтін сорғыштар орнатылды.

Бұған дейін ауданда жылу жетіспеушілігі мәселесі болды, өйткені, 1970 жылы салынған қазандықтың жабдықтары әбден ескірген еді. Енді бұл нысан Железинка ауылындағы 150 тұрғын үй мен 35 әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз етеді.


Егін жинау науқаны жоспарға сай

Бұдан соң аймақ басшысы аудандағы орақ науқынының барысымен танысты. Аудан әкімінің айтуынша, егістік тің жалпы көлемі 227 мың гектар. Оның 113 мың гектары дәнді дақыл. Бұдан бөлек майлы дақылдар мен азық-түлік өнімдеріне арналған дән және көкеніс түрлері егілген. 

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов облыста егістік алқаптарын әртараптандыру жұмыстарының оң бағытта жүріп жатқанын атап өтті. Бүған Железин ауданы да үлесін қосуда. Әртараптандыру майлы дақылдарға негізделуде. Өйткені, сұраныс солай. 

Аймақ басшысы ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы үшін ғылыми тәсілдерге сүйенудің маңызын атап өтті. Себебі, ауа райы құбылып, шаруцаларды серселдеңге салатын жайы жиіліп кетті.  


Бөлісу