Негізгі Жаңалықтар Ит үйретудің қыр-сыры

Ит үйретудің қыр-сыры

Қазақ халқында ит «жеті қазынаның» бірі саналып, адамның сенімді досы ретінде қадірленгені белгілі. Ежелден иесінің көмекшісі, үй мен мал-мүліктің сенімді сақшысы болған бұл жануарды қазір, әсіресе қалалық жерлерде тұрғындар қалай асырап, баптап жүр? Келесі сюжеттен көрейік.


Қала тұрғындары арасында үй жануарларын, әсіресе ит ұстауға әуес адамдар аз емес. Дегенмен иелерінің бәрі бірдей оларға тиісті күтім жасап, дұрыс бағып жүр ме? Сенімді серікті қала жағдайында қалай асырау қажет? Бұл туралы тәжірибелі маман тарқатып айтты. 

Валентина Павлухина, кинолог

Мен бұл іспен он жеті жыл бойы айналысып келемін. Сондықтан өзгелерге де жәрдемдескім келеді деген шешім қабылдадым. Бізге сан түрлі ит тұқымын әкеледі. Алдымен итті сынақтан өткізіп, мінез-құлқы мен ерекшеліктерін анықтаймыз. Содан кейін иесінің қажеттілігіне қарай немен айналысу керек екенін нақтылап, жеке бағыт таңдаймыз. Біреулер артық салмақтан арылу үшін фитнеспен айналысса, екіншілері иттің психологиясын ретке келтіреді, тағы өзгелері оны қоғамға бейімдейді. Мұнда барлығына ортақ қатаң регламент немесе бірыңғай тәртіп жоқ.

Үй жануарын ұстау зор жауапкершілікті қажет етеді. Оларды жақсы көретін жұрт көп болғанымен, күнделікті күтімі мен қиындығына бәрі бірдей шыдай бермейді. Десе де төрт аяқты досын жай ғана асырап қоймай, арнайы көрмелерге қатыстырып, мұнымен кәсіби түрде айналысып жүрген тұрғындар да бар. Оларды хендлер деп атайды.

Анна Вегнер, хендлер

Кинологияға 10 жыл бұрын алғашқы жегетін тұқымды итімді алған кезде келдім. Сол уақытта Валентинамен де жолымыз түйісті. Бұл істің мені баурап алғаны сонша – кинология саласында қалып, уақыт өте келе бұл бағытта жан-жақты дамып, тәжірибе жинадым. Ал кейін балам корги тұқымды итті алып беруді өтінді. Сол кезде коргилер сәнде болған. Мен балама «ақша жина» дедім – ол жинады. Бала ит сұраған кезде, көбі итті балаға сатып әперіп, «оны өзің үйрет» деп сеніп тапсырады. Бірақ баланың оған шамасы келмейтіні анық. Сондықтан бұл итті үйрету міндеті толығымен менің мойныма түсті. Бұл иттің тұқымы – негізінен, бақташы, Қазақстанда жұмыс сертификаты бар жалғыз төрт аяқты, ол қой бағады, мұны өте жақсы көреді. Ол еркелегенді ұнатқанымен, жаттығу жасауды да қатты ұнатады». 

Полина Денисенко жас болса да, итті күтіп-баптаудың қыр-сырын жақсы меңгерген. Қазір ол өз итін түрлі деңгейдегі көрмелерде сәтті таныстырып жүр.

Полина Денисенко, жас хендлер

Итімнің тұқымы – Джек рассел терьер. Ол – үш жаста, Қазақстан чемпионы. Алғашында жай ғана итті үйретіп, күтім жасауды үйренгім келген. Кейін жас хендлердің немен айналысатынын көрдім. Маған ұнағандықтан, өзім де итімді рингке алып шыға бастадым. Қазір бұл іспен айналысқан өте ұнайды.

Осылайша, иттерді үйде ұстап қана қоймай, күнделікті тәртіпті қадағалау, дұрыс тамақтандыру және уақытылы серуенге шығару маңызды. Егер үйіңізге адал серік асырағыңыз келсе, жануарға тиісті күтім жасап, қажет болған жағдайда, маман көмегіне жүгінген жөн.



Жұлдыз Қабылденова



Бөлісу