Жерлесіміз, Кеңес Одағының батыры Қанаш Қамзин иеленген наградаларының көшірмесі елге жеткізілді. «Алтын жұлдыз» медалі мен «Ленин ордені» батыр атына берілген мектептің мұражайына табысталды.
Қанаш Қамзин 1941 жылы Алматы қаласынан әскер қатарына шақыртылды. 1943 жылдан бастап қан майдан ортасында болды. 52-ші ату дивизиясының 429-шы ату полкіне басшылық етті. Ал, 44 жылдың 14 сәуірі ерлікпен қаза апты. батырдың соғыста көрсеткен ерлігі ешқашан ел есінен кетпейді. Осы ретте Қамзин ауылында ерлік сабағы өтті.
Ризагүл Негманова, Ақсу қаласы әкімінің орынбасары
Жалпы жастар үшін бүгінгі бақытты сәтті бағалау керек, түсіну керек. Сіздер үшін сол уақытта аталарымыз майданда жандарын берген. Осындай кездерді ерлік сабақтарында ғана көретін болайық. Ұрпақтарымызға есте сақтау үшін ғана көрсете білейік.
Ерлік сабағы Қанаш Қамзин атындағы мектепте басталды. Онда жиналғандар жауынгер атамызды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Осылайша батырымызға тағзым етілді.
Сүйіндік Бекбауов, зейнеткер
Біз кезінде мектепте оқушы болған кезде іздестіру шарасын ұйымдастырғанбыз. Әлі күнге дейін осы жұмыстарды атқарып келе жатырмыз. 81 жыл өтсе де сол қаза тапқан ерлерді елімізге топырағын, марапатын әкеліп ұйымдастырып жатыр.
Қанаш Қамзинді еске алуға арналған шара мәдениет үйінде жалғасты. Онда батыр бабамыздың қанды шайқаста көрсеткен ерлігі үшін берілген «Алтын жұлдыз», «Ленин» наградаларының көшірмелері Қамзин атындағы мектептің мұражайына табысталды.
Қанат Шайғазин, Қ. Қамзин атындағы орта мектебінің басшысы
Бүгін бізде енді үлкен той деп айтсақ болады. 1944 жылы 14 сәуірде қаза болған қанаш Қамзин батырымыздың медальдарының көшірмелері келіп жатыр. Жұмабек деген ағамыз әкеп жатыр. Сол кісі бас болып.
Ел үшін жанын пида еткен азаматтар туралы ақпаратты жинау, шетелмен өзара байланыс құру, жалпы іздестіру шаралары оңай емес. Өңірде бұл бағытта «Панфиловшылар» жасағы ауқымды жұмыс жасап жатыр.
Рафаэль Мұхамеджанов, «Панфиловшылар» іздестіру жасағы командарінің орынбасары
Осыдан екі жыл бұрын осы ауылға Қанаш Қамзиннің есімін қайтардық. Өкінішке қарай, Подольскідегі наградалардың түпнұсқасын елге әкелу мүмкін болмады. Біраз біздің Ресейдегі достарымыз осы наградалардың көшірмелерін жіберді. Ол «Алтын жұлдыз» және Ленин ордендерінің көшірмелері. Біз үшін осының өзі үлкен маңызды.
Ешкімнің де, ештеңенің де ұмытылмайтыны бүгін тағы бір мәрте дәлелденді. Сіз бен біздің алаңсыз болашағымыз үшін кеудесін оққа төсеген жандар мәңгі естелікте.
Самал Қалиқызы