Мансап орталығында бос орындар жәрмеңесі ұйымдастырылды. Жыл басталғалы 5-рет өтуде. Бұл жолы 30-ға жуық кәсіпорын вакансия ұсынды.

Бүгінде бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру халықты еңбекке аралстырудың нақты іс әрекеті деп танылған. Облыста дәстүрлі түрде ай сайын дерлік ұйымдастырылып келеді. Жұмыс беруші мен жұмыс ісздеуші арасындағы байланыс нақты жолға қойылған деуге болады.

Жыл басынан бері ұйымдастырылып келе жатқан жәрмеңкеге жиыны 700 ге жуық адам келген. Онывң 60 пайызы жұмысқа орналастырылған. Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған жәрмеңкеге 200 ге жуық жұмыс іздеуші келді.

Шара аясында тұрғындар кәсіпорындарға қажет мамандықтар жайлы ақпарат алды. Жұмыс берушілер де қажетті мамандар жайлы айтты. Алдағы уақытта жәрмеңке тағы үйымдастырылады деп жоспарланған.