Павлодар техникалық сервис колледжінде өңірлік WorldSkillsPavlodar-2026 чемпионаты аясында «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша байқау басталды. Бұл бағытта 13 колледждің студенттері бақ сынауда. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

Екі күн ішінде қатысушылар бірнеше модуль бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Атап айтқанда, қозғалтқышпен жұмыс, беріліс қорабын жөндеу, автокөлікті компьютерлік диагностикадан өткізу және жүріс бөлігін тексеру тапсырмалары қарастырылған.

Құдайберген Тәшенов, бас эксперт

Бүгінгі конкурста бағаланып жатқан ең бірінщі модуль А, екінші коробка передачь, үшінші модуль диагонстика сканет жасап диогностика жасауға бағытталған. Төртінші модуль жеңіл машинаның ходовойын орындауға.

Өңірлік чемпионат 14 сәуірде басталды. Оған облыс колледждерінен 353 білім алушы қатысуда. Байқау 70 құзыреттілік бойынша өтуде.

Дильназ Қуанышбекқызы