Күн жылынса саяжайларда ескі шөп пен қоқысты жағу фактілері көбейіп жатады. Бұл өрттің өршіп, ұлғаюы қорқыныш тудырады. Сондықтан Ақсулық төтеншеліктер мен полицейлер кооперативтер аумағында рейд жүргізді.
Саяжайларда жылда түрлі деңгейдегі өрттер мен өртену жағдайлары тіркеліп жатады. Бірақ бау бақшасын өсіруге қамданып жатқан халық кейде қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды ұмытып кетеді. Былтырғы ескі шөптері мен қоқыстарын лақтырғаннан гөрі жағып жібергенді жөн көреді. ОСы ретте ақсулық полицейлер, төтеншеліктер орман шаруашылығының мамандары дәстүрлі рейдке шықты.
Бекзат Нағым, Ақсу қаласы ТЖБ аға инженері
Ақсу қаласының ТЖБ мен Павлодар орман шаруашылығы бірлесіп кооперативінде рейдтік іс шараларды жүргізеді. Әрбір азаматтың міндеті екенін ескертеді.
Рейд барысында саяжай иелеріне өрттің қауіптілігі түсіндірілді. Өрт болған жағдайда не істеп, кімге хабарласу керектігі де айтылды.
Самал Қалиқызы