«AMANAT» партиясы жергілікті жерлерде тиімді басқарушыларды қалыптастыруға арналған жаңа жобаны іске қосты. Жоба перспективалы кадрларды анықтап, мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызметке бәсекеге қабілетті көшбасшылар дайындауға бағытталған.
Жаңа оқу бағдарламасының ашылуына мемлекеттік органдар мен академиялық қауымдастық өкілдері, сондай-ақ партияның өңірлік филиалдарының қызметкерлері бейнеконференция байланысы арқылы қатысты. Партия жанындағы Саяси менеджмент академиясы жаңа форматта ауылдық округтердің сайланған әкімдерін, мәслихат депутаттарын және бастауыш партия ұйымдарының өкілдерін оқытуды бастады.
Ерлан Қошанов, ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы, «Amanat» партиясының төрағасы
Біздің Президентіміз халықаралық қатынастар саласының танымал маманы әрі әлемдік деңгейдегі дипломат ретінде озық үрдістерді жақсы біледі. Мемлекет басшысы «диплом өмір бойына жетеді» деген ұғымның ескіргенін, оның орнына «өмір бойы білім алу» қағидаты келгенін үнемі айтып келеді. Сонымен қатар, жаңа Конституцияда адами капиталды дамыту, білім мен ғылым стратегиялық басымдықтар ретінде айқындалды. Бұл – біздің басты ресурсымыз.
Ерлан Қошанов сайланған ауыл әкімдері, мәслихат депутаттары және бастауыш партия ұйымдары халық сенім артқан өңірлік элита екенін атап өтті.Мәслихат депутаттары мемлекет пен қоғам арасындағы негізгі байланыс буыны саналады. Ал бастауыш партия ұйымдары қоғамдық пікір қалыптастырып, халықпен кері байланысты қамтамасыз етеді.
Нұрлан Медетов, Торайғыров университетінің ректоры
Бұл бағдарламаны біз іс жүзінде жүзеге асырып жатқанымызды сеніммен айта аламын. Бүгінде Торайғыров университеті өңірдің құзырет орталығы ретінде айқындалып, жергілікті атқарушы органдарды, университет пен жұмыс берушілерді біріктіріп, өңірді дамыту міндеттерін бірлесіп шешуде. Партияның жаңа бағдарламасы «университет – мемлекет – өңірлік экономика» интеграцияланған моделін қалыптастыруға қосымша мүмкіндік береді. Мұнда білім мен сараптама нақты басқарушылық шешімдерге айналады. Бұл экономикалық үдерістерді ғана емес, өңірдің өзекті мәселелерін тереңірек түсінуге, аумақтардың нақты қажеттіліктерін көруге, білім беру бағдарламаларын дер кезінде жаңартуға және қолданбалы зерттеулерді дамытуға мүмкіндік береді. Біз университет базасында партияның мақсатты топтарын оқытуға дайынбыз..
Жаңа бағдарлама басқарушылық құзыреттерді арттыруға, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, стратегиялық ойлауды жетілдіруге және мемлекеттік жобалық басқаруды меңгеруге бағытталған
Дильназ Қуанышбекқызы