Ақтоғай ауданында ақжолтай жаңалық. 24 пәтерлі жаңа баспана пайдалануға берілді. Пәтерлер кезекте тұрған азаматтарға Отбасы банк арқылы берілді. Облыс әкімі Асайын Байханов тұрғындарды қуанышымен құттықтап, пәтер кілттерін табыстады.
Баспана құрылысы 2024 - жылы қараша айында басталып, 2025 жылдың шілде айында аяқталған. Ауданда кезекте тұрған азаматтарға арнап салынды. Жалпы ауданы 1800 шаршы метр тұратын үйдегі 1 бөлмелі пәтердің саны 12, 2 бөлмелі пәтер саны 8, 4 пәтер үш бөлмелі.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Баршаңызбен бүгінгі сәтті күнде жүздескеніме қуаныштымын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «әлеуметтік баспанамен халықты қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі» екенін баса атап өтті. Сол себептен біз ақырғы 3 жылда Ақтоғай ауданының 80 нен астам тұрғынына жаңа пәтердің кілттерін табыстадық. Әрине, бұл ақырғы үй емес. Бұйыртса бұл пәтердің жанына тағы да көп пәтерлі үй салынатын болады. Ең бастысы бірінші қадам ретінде қоныс қондыратын үйлеріңіз құтты, берекелі болсын! Шаңырақтарыңызға шаттық, өздеріңізге күш пен қуат, отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін.
Сонымен қатар, Асайын Байханов жаңа баспанаға жол тартылып, балалар ойын алаңы салынатындығын да жеткізді. Басқасы басқа баспананың қуанышы тұрғындар үшін әрқашан бөлек. Аймақ басшысы ақтоғайлықтарға кілттерді өз қолымен табыстап, құтты болсын айтты. Тұрғындар шат көңілдерін білдіріп, жаңа баспананың қуанышына ақ шашу шашты.
Ботагөз Ловчикова, Ақтоғай ауданының тұрғыны
Өте қуаныштымын бүгін. Өзімнің баспанам, өзімнің үйім. 5 жыл тұрдым очередьта. Кезекте 5 жыл тұрдым.
Өнер мектебі өрелі ұрпақты тәрбиелеуде
Бұдан соң облыс әкімі Ақтоғай балалар өнер мектебінің жаңа ғимаратында болды. Ғимарат былтырғы жылдың соңында жаңартылып, пайдалануға берілген. Білім ордасы аудан бойынша 900 ден астам баланы 5 бағыт бойынша өнерге баулиды.
Жаңа ғимарат өнер мектебінің оқушыларына үлкен мүмкіндік сыйлады.
Сара Жәрдемияқызы, Ақтоғай балалар өнер мектебінің оқушысы
Бәріміз өте қуаныштымыз. Жарық, су барлығы осы жерде. Бізге керектің бәрі бар. Кабинеттері кең. Өзімізге ыңғайлы. Бәрі тамаша, күшті.
Балаларын болашақ үлкен өнерге баптау үшін осы мектепке әкеліп жүрген ата-аналардың ризашылығы шексіз. Осы балалар ертең ел үмітін ақтар деген сенімде.
Гүлдариға Советханқызы, Ақтоғай ауданының тұрғыны
Өнерді ұлықтайтын, талантты шәкірттердің қанатын қатайтатын бұл ордадан талай-талай дарынды шәкірттер шығып, биік-биік сахнаны бағындырып, Ақтоғайдың атын әлемге танытарына сенеміз. Соны тілейміз. Ұстаздардың еңбегі жана берсін! Талантты шәкірттері мол болсын.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Балаларға қолайлы қосымша білім, жалпы білім алуға жағдай жасау мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Мемлекет басшысы да осыны талап етеді. Жергілікті биліктің де ең басты бағыттарының бірі оқушыларға жағдай жасау. Ақтоғайдың балалары дамып, өсіп, өздерінің өнерлерін үлкен сахнада көрсетеді деп сенеміз. Мүмкін осы жерден біздің шығармашылықтағы атақты жерлестеріміздің қатарына Ақтоғайда да қосыла ма деп ойлаймын мен.
Ертіс бойы өнер бесігі. Ақтоғайдың да алар биігі алда екенінен мектеп ұжымы зор сенімде.