Апаттар медицинасы орталығы биыл 30 жылдығын атап өтеді. Ал, облыстық филиал 21 жылдан бері жұмыс істейді. Осыған орай орталықтың жұмысы жайлы тілшіміз бейнематериал әзірледі. Толығырақ келесі сюжетте.

Апаттық медицина орталығының дәрігерлері кезекті шақыртуға шықты. Құрылым Төтенше жағдайлар министрілігі құрамына кіреді. Ол аппатық жағдай, яғни, өртену, жол көлік апаты кезінде зардап шеккендер көп болған жағдайда көмекке шығатын бригада. Бірыңғай 112 нөміріне түскен хабарлама, ауырлығына қарай осы орталыққа жіберіледі.

ВЛАДИМИР МАЛЫХИН, ОБЛЫСТЫҚ АПАТТАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ

Өрттер түрлі деңгейдегі өрттерге, өндірістік жарақаттар, яғни көп адам зардап шеккен апаттық жағдайларға барамыз. Ол жерде медициналық сұрыптау жүргіземіз. Сол жерде қай адамға бірінші көмек көрсету керектігін анықтаймыз. Бұл медицинада өте ауыр, жауапты жұмыс. Тез арада бірінші кімге көрсету керектігін анықтаймыз. Бұған тәжірибе керек. Ал медициналық көмекті қажет етпейтін бірақ психологиялық көмекті қажет ететін жағдайлар болады. Олармен психолог тілдеседі.

Биыл апаттар медицинасы орталығына 30 жыл, ал Павлодардағы филиал 20 жылдан астам уақыт халыққа көмек көрсетеді. Орталық мамандары күніне орта есеппен 5 шақыртуға барады.

ВЛАДИМИР МАЛЫХИН, ОБЛЫСТЫҚ АПАТТАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ

Құрылым бойынша бізде 4 ауысымды бригада бізде. Яғни тәулігіне 1 ауысымды бригада жұмыс жасайды. 4 көлік бар. Барлық апаттық құтқару жағдайында іске қосылатын соңғы үлгідегі құрылғылар бар. Одан бөлек, бізде психолог бар, бізбен бірге шақыртуларға барады, психологиялық көмек көрсетеді. Жолдарда орналасқан медициналық-құтқару пункттері бар. Қалқаман-Шідерті, Қызылорда-Павлодар жолында орналасқан. Жол көлік апаты кезінде көмек ұсынады.

Соңғы 30 жылда құрылым өзгермесе де, жаңашылдықтар енгізілді. Жылдан жылға материалдық техникалық база жақсарып келеді. Заманауи құрылғылар қолданылады. Мәселен бұл портативті оттегі аппаратын айтуға болады. Апаттық жағдайда көмек көрсетуге барған мамандар үшін бұл маңызды.

АЛЕКСЕЙ СТЕПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АПАТТАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ФЕЛЬДШЕРІ

Бұл портативті оттегі аппараты оттегі баллонынсыз жұмыс жасайды. Кішкентай жеңіл, алып жүруге оңай. Ауадан жұмыс жасайды. Контурын қосып, аппаратты іске қосамыз.Ересек адамға, кішкентай балаға қолданатынымызды таңдаймыз. Масканы кигізіп, адам осы арқылы дем алады.

Орталықтың негізгі мақсаты адам шығынын азайту, тіпті, болдырмау. Адам зардап шекккендерге санитарлық медициналық, психологиялық көмекті жылдам ұсыну.

Апаттар медицинасы орталығының бөлімшелерінің бірі – 40 трассалық медициналық-құтқару пункті болып табылады. Жалпы, еліміздегі орталық 10 жыл ішінде трассалық пункттердің бригадалары жол-көлік оқиғаларына 14 мыңға жуық рет шығып, 34 мың зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетті.

Самал Қалиқызы