Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан облыстық жарыс өтті. Турнирге өңіріміздің ауыл, аудандарынан қатысушылар келді. Туринр барысын тілшіміз тарқатсын.

Тоғызқұмалақ ойыны-күннен күнге танымал болуда. Спорт сүйер қауым көлемі де артуда. Шахмат үйінде ауыл, аудандардан келген қатысушылар бақ-сынасты. Бұл спорттық шара ұлттық ойынның беделін арттыру, қатысушылардың шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған. Жарыс 2 кезеңнен тұрды, оған 100-ге жуық қатысушы келді.

ШӘРІП ҚАШКЕНОВ, ТӨРЕШІ

Мына жылғы күнделік бойынша жыл сайын біз ауылдардың спортшыларының арасында тоғызқұмалақтан жарыс өткіземіз. Бұл 2015, 2014, 2012, 2011 жылдардың және 2008 одан да үлкен жастар арасында. Жастар мен ересектер арасында жеке.

Ойын өте тартысты өтті. Ойыншылардың логикалық ойлауы, тапқырлығы мен шыдамдылығы ерекше байқалды. Әр партия сайын тартыс күшейіп, қарсыластардың шеберлігі сыналды. Қатысушылар арасында жасөспірімдер, ересектер, тіпті балалар болды.

АРНА ҚУАТОВА, ҚАТЫСУШЫ

Мен облыстық сайыстарға қатыстым. 2 рет бірінші орын алдым. Қалалық сайыстардан бірінші орын аламын. Мен ана жолы Талдықорғанға бардым 1 орын алдым. Қазақстан Республика чемпионы деп аталдым.

Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдармен дипломдармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың

айтуынша, мұндай жарыстар ұлттық ойынды дамытуға үлкен серпін береді және спортшылардың біліктілігін арттыруға ықпал етеді.

Сабина Жолдаспаева