Павлодарда 9 қабатты үйлерді салуға тыйым салынды. Оның негізгі себебі қаланың Бас жоспарының талаптарына сәйкес келмеуі. Заңсыз құрылыс жайлы келесі сюжетте.
Прокурорлар қаланың бас жоспарын тексеру кезінде шаһар шенеуніктері 5 қабаттан жоғары үйлерді салуға рұқсат беру фактілерін анықтады. Бұған себеп, қаланың бас құрылыс жоспарына сай емес.
ДАРХАН АМЕТАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Өткен жылы 2023 жылдың 30 қарашасында Павлодар қаласының әкімдігі ауданы 364 га болатын 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер салу мүмкіндігі туралы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіткен еді. «Аталмыш құрылыс туралы құжат бас жоспар талаптарына сай келмеді. Бұл нысандар 4-5 қабаттан жоғары болмауы керек. Прокурор талабы бойынша жергілікті атқарушы органның актісі заңсыз болып танылды. Күші жойылды.
Сонымен, қаланың кейбір аумақтарында 9 қабатты үйлерді салуға болмайды.
ДАРХАН АМЕТАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұқар жырау, Естай, Кривенко макенжайларында 9 қабатты үйлер құрылысы қарастырылған. Бас жоспар ойынша аталмыш аумақта 4-5 қабаттан аспауы тиіс.
Айта кетейік, прокурордың талап арызы бойынша жергілікті атқарушы органның заңсыз актісі сот тәртібімен заңсыз деп танылып, күші жойылды. Мемлекеттік қызметкер, қаланың бас сәулетшісі қызметінен босатылды.
Самал Қалиқызы