2024 жылы «Ертіс» футбол клубы қайта жанданды. Команда Қазақстан футболының бірінші лигасына шығуды жоспарлап, оны жеңіспен орындады. Ал, 2025 жылға команданың жоспарлары қандай? Тілшіміз айтсын

Клубты қайта жаңғырту үшін облыстық әкімдікпен, өңірлік футбол федерациясымен көп жұмыс жасалды. Ойыншылармен, жаттықтырушылармен қарыздарды құтылу бойынша біраз келіссөздер қолға алыну керек еді. Ол да жүзеге асты.

СЕЙТБЕК СЕМБАЕВ, «ЕРТІС» ФК ДИРЕКТОРЫ

36 кредитормен келісу керек еді. Олардың көбісі қарыздарды 50, 30, 10 пайызға жеңілдік беруге келісті. Жергілікті ойыншылардың басым бөлігі қарыздарды кешірді. Негізгі мақсат клубтың қайта жұмыс бастауы болды. Облыс әкімі демеушілерді тауып, олар берешектерді жауып берді.

Бірақ, ойыншылардың кейбірімен заң аясында келісуге тура келді. Былтыр қарыз көлемі 2,5 млрд теңгеден 730 млн теңгеге қысқарды.

СЕЙТБЕК СЕМБАЕВ, «ЕРТІС» ФК ДИРЕКТОРЫ

Қаржылай мәселелерді реттейтін жұмыс тобы бұрынғы бас жаттықтырушы Димитар Димитровпен келісімге келді. 30 пайызға жеңілдік беріліп, қарыз толық қайтарылды. Ол Асайын Байхановқа алғысын білдірді. Қарыздарды құтылу процесі аяқталды. Бір ғана футболшы Руслан Мингазов келісімге келмеді, оның қарызын 2025 жылы қайтарамыз.

«Ертіс» футбол клубы бірінші лиганың турнирін жеңді. Павлодарлықтар 18 рет жеңіс тұғырынынан көрінді. 70 гол соғып, 15-ін өткізіп алды.

СЕЙТБЕК СЕМБАЕВ, «ЕРТІС» ФК ДИРЕКТОРЫ

Қазіргі таңда бас жаттықтырушының орнынан үміткер таңдалып жатыр. Келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жаңажылдан кейін Павлодарда, Ташкентте, Шымкентте жиындар болады, онда жаңа жаттықтырушылар құрамы спаррингтер жүргізеді, ойыншыларды көреді.

Енді «Ертіс» футбол командасының алдындағы мақсат – премьер лигаға шығу. Бұл міндеттердің артатынын да білдіреді.

СЕЙТБЕК СЕМБАЕВ, «ЕРТІС» ФК ДИРЕКТОРЫ

2026 жылы әйелдер кәсіби футбол командасы құрылады. Жаңа футбол орталығы ашылады. Онда ең үздік, дарындылар іріктеледі. Оларды кейін негізгі құрамға тартамыз.

Келер жылы «Ертіс» футбол командасына 60 жыл толады. Команда жолдастық матчтарды өткізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, 2025 жылы Павлодар облысының намысын үш команда қорғауы тиіс еді. Бұл екінші лигада «Ақсу», бірінші лигада «Екібастұз» бен «Ертіс» командалары бой көрсетеді.

Самал Қалиқызы, Мурат АБИЛМАЖИТ, Айбек ГАЗИЗ.