«Аманат» партиясының Павлодар облыстық филиалы жыл бойы атқарған жұмыстарын қорытындылады. Сайлауалды бағдарламадағы барлық жобалар жүзеге асты ма? Тілшіміз айтсын.
Павлодар облысында үш қалада, 10 ауданда «Аманат» партияның филиалдары бар. Әр филиалдың жанында фракциясы мен аппараты құрылған. Биыл партия сайлауалды бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында қарқынды жұмыс жасады.
ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ПОФ ТӨРАҒАСЫ
Мәдениет саласында жоспар бойынша барлық нысандар уақытылы қолданысқа берілді. Олар Бірлік, Құндыкөл, Калиновка, Панфиловка, Қаратерек, Тимирязево, Ертіс және басқа елдімекендерде орналасқан. Білім саласында 20 білім беру ұйымына жөндеу жұмысы жоспарланды. Денсаулық сақтау саласында 2024 жылы «Ауылдағы денсаулықты дамыту» жобасы аясында 30 медициналық нысан салынды. Айта кететіні, бұл ауылдағы ағайын үшін қуанышты жаңалық. Себебі, кей ауылдарда тұрғындар медициналық көмек алу үшін біраз жер жүретін. Енді жағдай жақсарды.
Фракциямен қатар 9 өңірлік кеңес өз жұмысын жасап отыр. Осы кеңеспен 42 отырыс өтті. 95 мәселе қаралып, 136 ұсыным мемлекеттік мекемелерге жіберілген болатын.
АЙНҰР МҰХАМЕДЬЯРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ М.А.
Биылғы жылы «Таза Қазақстан» акциясы 40 тан астам шара өткізілді. «Сөйле спикинг» клубы жұмыс істеді. Әр партия өзінің мүшелерімен, белсенділерміен мақтанады. 49 мыңға жуық партиялықтар саны бар. 215 БП ұйымдары құрылған. Іс-шара ұйымдастырып отырады. Орындалуын қадағалап отырамыз.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап қоғамдық қабылдауларға 7430 өтініш келіп түсті. Оның 66,3 пайызы шешімін тапты, 33,7 пайызына қолданыстағы Заңнамаға сәйкес түсініктеме алды. Есептік кезеңде 5 мың-нан астам адам қабылдауға өз сұрақтарымен келген.
АЙНҰР МҰХАМЕДЬЯРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ М.А.
Өтініштердің тақырыбы бойынша көбісі елдімекенді абаттандыру, еңбек заңнамасы бойынша. Партияда 20-ға жуық партиялар бар. Бұл «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» «Кітап аманаты» жобалары. Бұл туралы ақпарат көп берілген болатын.
Одан бөлек, «Аманат» партиясының бір қанаты әйелдерге арналған. Себебі соңғы кезде әйелдердің қоғамда, билікте, отбасында алар орны ерекше екені сөзсіз. Осы ретте, Светлана Әбдіраманова басқарып отырған бұл қанатта 10 негізгі бағыт қамтылған. 2024 жылы бұл бағыт бойынша да бірқатар жұмыс қолға алынған.
Самал Қалиқызы