Ертіс ауданы №4 жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамытуға бағытталған аудандық семинар өтті. Шараны білім бөлімінің әдіскерлері ұйымдастырды.
Семинар, тренингтен басталды. Мұғалімдер бір-бірімен танысып, жұмысқа ынталандыратын тапсырмалар орындады. Жұмыс барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, кәсіби байланыстарын нығайтты.Семинар аясында аудан мектептерінің мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, оқушылармен жұмыс істеудің заманауи әдіс-тәсілдерін көрсетті. Әр сабақ, оқыту сапасын арттыруға бағытталған, тәжірибелік жұмыстармен ерекшеленді.Сонымен қатар семинарда шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Мұғалімдер цифрлық технологияларды тиімді қолдану бойынша практикалық кеңестер алып, жаңа платформалармен жұмыс істеуді үйренді.Шара соңында қатысушылар өз ұсыныстарын білдіріп, тәжірибелерімен бөлісті.
Сабина Жолдаспаева