Павлодар облысында жыл басынан тауық еті, күнбағыс майы және бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасы қымбаттаған. Оның себебі, өнімдер шеттен әкелінеді. Келер жылы бұл мәселе шешімін табуы мүмкін, себебі құс фабрикасы жұмысын қайта қолға алмақ.

2024 жылы өңірдің ауыл шаруашылық кешенін қолдауға 80 млрд теңгеден астам сома бағытталды. Бұл соманың 33,7 млрд теңгесі субсидияларға, ал, 46,6 млрд теңге жеңілдікпен несиелеуге бөлінді. Жалпы алғанда 1,5 мың фермер қолдауға ие болды. 24 жоба жүзеге асырылды.

АЙГЕРІМ ҚАБЫЛТАЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгінгі таңда Павлодар облысы республикалық көлемнің 27 пайызыны қамтитын картопты өндіреді. Жыл басынан азық түлік өндірісі 104 млрд теңгені құрады. 251 өңдеу объектісі жұмыс істейді.

Облыс негізгі азық-түлік өнімдерімен толық қамтылған. Өзге өңірлерден күріш, қант, тұз ғана әкелінеді. Бағаларды тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қоры құрылды, оның көлемі бағасы 2,3 млрд теңгелік 11,5 мың тоннаның өнімдері құрайды. Тұрақтандыру қорының өнімдері 208 сауда орындары арқылы жүзеге асырылады. Жыл басынан бері сомасы 490 млн теңге болатын 2 мың тонна өнім сатылды.

АЙГЕРІМ ҚАБЫЛТАЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қант, күріш, ұн, май бар. Картоп пен сәбіздің бағасын тұрақты түрде ұстаймыз. 110 теңгеден аспайды. Жұма сайын бұл жұмысты атқарады.

Бағаларды одан ары тұрақтандыру үшін маусым аралық кезеңде ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілермен 10 мың тонна картоп пен 3 мың тонна сәбіз тапсыруға меморандумдар жасалды.

АЙГЕРІМ ҚАБЫЛТАЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Біз кейбір тауарларға бағаның өскенін байқап отырмыз. Тауық етінің бағасы қымбаттап тұрады, себебі ол шеттен тасылмалданатын өнім. Күнбағыс майының бағасы, 1 санаттағы жұмыртқаның бағасы да өсті. Қазір тұрақтандыру қорында 4 млн дана жұмыртқа бар. Қосымша 1 млн дана алуға меморандумға қол қойылды.

Тауық етін өндіру бойынша келер жылы бірқатар жобалар қолға алынбақ. Оның бірі «Қызылжар Құс» фабрикасы, деді облыстық әкімнің орынбасары. Айта кетейік, 28-30 желтоқсан аралығында облыстың барлық қалалары мен аудан орталықтарында жаңажыл қарсаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді.

Самал Қалиқызы, Айбек Ғазиз, ЕА