Жаңа жыл жақындап келеді. Тұрғындар үйлерін сәндеп, төрлеріне шырша орната бастаған. Биыл шырша саудасы қалай жүруде? Жасыл көшетті заңсыз кескені үшін қандай жаза қолданылады? Толығырақ тілші әңгімесінде.
Жаңа жылдық сыйлықтардан бөлек, шырша саудасы да қызатыны белгілі. Қазір Ресейден жеткізілген табиғи шыршалардың құны қалада 5 және 15 мың теңге болып сатылуда. Облыс орталығында 25, Ақсу, Екібастұз шаһарында 2 , Тереңкөл, Железин, Ертіс, Атамекен ауылдарында саудаланады.
РУСЛАН ТҮЛЕПОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жаңа жылдық шыршаларды сатумен Павлодар облысы бойынша... сатуға бейімделген.
Бірақ, табиғатқа залал келтіріп, қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесетіндері бар. Тәртіп бұзғандар 50-ден 1500 АЕК көлеміне дейін айыппұл арқалайды. Осы орайда инспекция полиция қызметкерлерімен бірлесіп өңірде 44 мобильді топ құрды.
РУСЛАН ТҮЛЕПОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Инспекция шырша сататын жерлерде мониторинг жүргізіп отырады. Желтоқсан айынан бері.3 бірлескен шаралар өткізілді. Шырша 5 мыңнан .. қазір сатылуда.
Айта кетейік биыл мемлекеттік орман қоры аумағында 12 заңсыз ағаш кесу дерегі тіркелген. Келтірілген залал сомасы 4 млн теңге.
Әйгерім Тоқпанқызы