Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу және әйелдер құқығын қорғау шаралары күшейтілуде. Сондай-ақ әйелдерге қатысты қылмыс саны екі есе азайған екен. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.
Биыл ішкі істер органдарына отбасында көрсетілген зорлық-зомбылық туралы 100 мыңға жуық хабарлама түскен. Ішкі істер министрлігі 72 мың шектейтін қорғаныс ұйғарымдарын берді.Айта кетейік, Елімізде зардап шеккен әйелдер мен балаларға көмек көрсететін 69 дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Биыл осындай орталықтарға 5,5 мың әйел жүгінді, оның 3,7 мыңы көп балалы ана. Жүйелі жұмыс қазірдің өзінде нәтиже беруде. Соңғы бес жылда әйелдерге қатысты қылмыстар саны екі есеге азайды. Зорлық-зомбылық қылмыстары 37пайызға. Ауыр дене жарақатын салу – 8,7%-ға қысқарды.