Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. Азаматтық қорғау органдары мен жергілікті полиция қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сақтау және сату фактілерін анықтау үшін бірлескен рейдтік жұмыстар жүргізеді.

Рейдтердің негізгі мақсаты–сертификатталмаған немесе сақтау талаптарына сәйкес келмейтін пиротехникалық өнімдерді анықтау. Полиция қызметкерлері заң бұзғандарды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 196-бабы бойынша жауапкершілікке тартады. Заңсыз саудамен айналысқандарға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Тұрғындарға пиротехниканы қауіпсіз пайдалану туралы түсіндіру жұмыстары да белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

ОРАЗБЕК УӘЛИХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Қазіргі таңда 400 ден астам тексеріс жүргізілді, шыршаны қалай орнатқаны және ұсынымдар берілді. Барлық бұзушылықтар жойылды. Мерекелік шара өткізетін жерлерде инженерлік инспектор құрамының және өрт сөндіру техникасының кезекшілік жоспарланған. Департамент қызметкерлері мен кәсіпкерлі субьектілерімен атап айтқанда жаңа жылдық мереке өткізу мейрамхана бизнес өкілдерімен түсіндірме жұмыстары жүруде. Бүгінгі таңда жаңа жылдық меркеге қатысты 2000нан астам үгіт насихатталған материалдар таратылды.

Мамандардың айтуынша, сапасыз немесе мерзімі өткен пиротехника қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Сондықтан өнім сатып алған кезде, оның сертификаты мен жарамдылық мерзіміне ерекше назар аудару қажет. Сонымен қатар, пиротехниканы тек арнайы дүкендерден сатып алу ұсынылады.

ОРАЗБЕК УӘЛИХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Жаңа жылдық мереке қарсаңында олардың қауіпсіздігін өткізу мақсатында азаматтардың қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп пиротехниканың бұйымдарының рұқсатсыз сауда орындары бойынша рейдтік шаралар жүргізілуде. Пиротехника бұйымдарын сатып алу кезінде рұқсат бар ма білу қажет, сертификатталынған өнім сатып алу қажет. Бұдан басқа әртүрлі жарықтандыру құрылғылары гирлянда дейміз ерекше қауіп төндіру мүмкін. Мұндай құрылғыларды орнатқан кезде оның сапасына көз жеткізіп, пайдалану болуына жарамдылығын тексеру қажет.

Пиротехникалық өнімдерді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды. Мысалы, оларды адамдар көп жиналған орындарда немесе тұрақта тұрған көліктердің жанында қолдануға тыйым салынады.

ОРАЗБЕК УӘЛИХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Пиротехникалық бұйымдарды пайдаланған кезде салюттарды ғимараттар мен құрылыстардан 50 метрлік жақын жерде орналастыру. Оларды желді ауа райында қолдануға болмайды. Енді осы пиротезхниаға келетін болсақ жоғарыда айтылғандай ең бастысы сақтау мерзіміне қаоау керек. себебі далала қар болатын болса ол түсіп, қолдану кезінде жарылысқа, жарақат алуына және кішкентай балаларға рұқсат бермеу керек қолдануға.

 Жаңа жылдық шараларды ұйымдастыру кезінде де қауіпсіздік ережелерін сақтау міндетті. Сондай-ақ пиротехниканы пайдаланған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді.

САБИНА ЖОЛДАСПАЕВА ЕА