Мемлекет басшысының «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бүгін Ертіс ауданы Қарақұдық ауылында медициналық пункт пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындары енді аудан орталығына бармай-ақ, кәсіби біліктілігі жоғары мамандардың медициналық көмегіне жүгіне алады.
Медициналық нысанның салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жамбайбек қатысты. Ол Қарақұдық ауылы тұрғындарын құттықтап, дәрігерлердің жұмысына сәттілік тіледі. Нысанның құрылысына республикалық бюжеттен 142 млн теңге қаражат бөлініпті.
ДӘУРЕН ЖАМБАЙБЕК, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Алғашқылардың бірі болып сіздердің мед пунктарыңыз ашылып отыр. Төртігші болып ашылып отыр. Құтты болсын енді. Бұл мед пункке 142 млн теңге жұмсалды бұған. Қаражат республикалық бюджеттен берілді. Заманға сай .. көрсете алады деген сөз.
Медициналық орталықтың құрылысы сәуір айында басталған. Мекеме кең, жарық, әрі жылы. Онда күндізгі стационар, жара тану және екпе егу кабинеттерімен қоса, заманауи құрылғылар орнатылған.
ДУЛАТ МҰСТАФИН, ЕРТІС АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ М.А.
Өте қуаныштымыз. Жаңа келген обарудование келіп жатыр. Неше түрлі елге көмек жасайтын қолданатын заттар әкелінді. Көмек жасаймыз. Магнит терапия екі дана әкеліпті. Біздің ауданда жоқ. Медпункт бар. Бұл өте жақсы. .. соған мәзбіз оған.
Бұдан бұрын жергілікті тұрғындар апатты деп танылған ғимаратта ем қабылдаған еді. Ұлттық жоба жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Пункт бір ауысымда шамамен 25 адамды қабылдайды. Онда, дәрігерлік жәрдемге дейінгі, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған.
САМАТ МӘНЕНОВ, ҚАРАҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Бүгін ауыл тұрғындары үшін өте қуанышты күн. Қуанышымыз екеу. Ауылдағы 40 жылда салынып тұрған ексі ғимараты аппаты жағдайда алғысымызды білдіремін.
Мемлекет басшысы өз жолдауында шалғай жатқан ауылдарда дәрігерлік амбулатория ашуды тапсырған еді. Осы орайда Ертіс ауданы Қызылағаш ауылында да бүгін медициналық нысан пайдалануға берілді.
ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, МЕДЕТ КӘРІМ. ЕА ЕРТІС АУДАНЫНАН.