Павлодар облысының 120 мыңға жуық тұрғыны өздерін медициналық сақтандыруға асықпайды. Салықтық органдарда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша қарызға кірген борышкерлер де бар. Жалпы, сақтандырылмаған азаматтармен қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Тілші сюжетінде.

2023 жылы Павлодар облысында Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға 93,5 млрд теңге бөлінген болса, 2024 жылы бұл бағытқа 101 млрд теңге жұмсалды. Оның ішінде шығындардың басым бөлігі стационарлық медициналық көмекке бағытталған. Павлодар облысында жалпы 121 577 адам сақтандырылмаған.

ЖАНГЕЛДІ ШАЙМБЕТОВ, «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» ПОФ ДИРЕКТОРЫ

Павлодар облысында халық саныныңда 83,8 пайызы сақтандырылған. 390 мың мемлекеттік жарналары төленеді. Ал, 240 мың адам басқа тұрғындар болып есептеледі. Сақтандырылған саны бойынша 6 орында болып тұр.

Міндетті әлеуметтік медициналық сандандыру жүйесінде сақтандырылмаған азаматтармен жұмыс алгоритміне сәйкес әлеуметтік сала өкілдері «үй шаруасындағы азаматша» және «жұмыссыз» мәртебесі бар азаматтармен жұмыс жүргізуде.

АЛЬМИРА ДИСЮПОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

6 мыңға жуық отбасының ішіндегі мүшелері расталған азаматтар саны 2403 адам болып шықты. Жұмыс беру туралы органдарға жұмыссыз адамдарды тіркеу. Жылдың басынан бастап 1800 азамат толықтай жұмысқа тартылып, тұрақты жұмысқа орналасты. Қалған азаматтармен бүгінгі таңда жұмыс атқарылуда.

Бұдан басқа 500-ге жуық азамат жұмыссыз ретінде тіркеліп, жеңілдікті санатқа енгізілді. Оларға тиісті жәрдемақылар қарастырылған.

ЕРБОЛАТ ҒАББАСОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ТӨЛЕМДЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша 2353 борышкер тіркелген. Осы бойынша салықтық органдар тиісті шараларды жүргізіп жатыр. Жалпы қарыз сомасы 63 млн теңгені құрайды. Бұлардың басым бөлігі жеке кәсіпкерлер.

Медициналық сақтандыру қорынан бір қазақстандықты емдеуге жылына 140 мың теңге жұмсалады. Осылайша азаматтардың денсаулығына бөлінетін сома бес жылда 3 есе артып отыр. Бұның есебінен медицина саласын қаржыландыру көлемі ұлғайып, 2,8 трлн теңгеге жеткен. Дегенмен кей азаматтар өздерін сақтандыруға асықпайтын көрінеді.

Самал Қалиқызы