Елімізде венчурлық инвестицияларды біріктіретін қор құрылады. Оған 1 млрд АҚШ доллары көлемінде қаржы тартылмақ.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов осы бағытта халықаралық және отандық сарапшылармен кездесу өткізіп, жаһандық капиталды тарту, стартап экожүйені дамыту және инфрақұрылымды нығайту мәселелерін талқылады. Қазақстан венчурлық мәмілелер бойынша Орталық Азиядағы көшбасшы. Соңғы бес жылда капитал көлемі алты есе өсіп, 80 млн долларға жеткен. Осылайша, венчурлық қорда қазірдің өзінде жалпы құны 100 млн доллардың жобасы бар. Алдағы уақытта көбіне жасанды интеллект, цифрлық медицина және басқа да технологиялық салаларға басымдық беріледі. Себебі, 2030 жылға қарай әлемде жасанды интеллект нарығы 827 млрд долларға дейін өседі деген болжам бар.