Павлодар облысында өңірдің әлеуметтік экономикалық жағдайы алдын ала қорытындыланды. Бүгінгі таңда облыстық бюджеттің 98,1 пайызы игерілген. Толығырақ тілшіміз айтсын.

Павлодар өңірі инвестициялардың өсу қарқыны бойынша үздік үштікке кіреді, ал аграрлық секторға тартылған инвестициялар көлемі бойынша бірінші орында. Осы жылдың 11 айында өңір экономикасына 943 млрд. теңге инвестиция тартылды. Өнеркәсіп саласында 3 трлн теңгеден астам сомаға өнім өндірілді, бұл өткен жылдың деңгейінен 4,6% - ға артық. Негізгі драйвер өңдеу секторы 9,4% өсімге қол жеткізген. Ауыл шаруашылығында өнімнің жалпы өнімі 1,3 есеге артып, 434 млрд.теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 317,8 млрд. теңге, бұл 2023 жылғы кезеңнен 15,2 % - ға артық.

ИРИНА НАЗАРЧУК, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде 804 пәтер сатып алуға 12,2 млрд теңге бөлінді, конкурс өтіп, 477-і сатып алынды. Қалғандарымен келісімшарттар жасасып үлгеру керек. Ішкі сауда көлемі өсіп, 1,5 трлн теңгеге жетті. Бөлшек сауда айналымы 11,6 пайызға өсті, облыста өсу динамикасы қарқынды. Транспорт саласында жылдық жоспар 120 пайыз, қызмет көлемі 5,6 пайызға артты. Құрылыс секторында барлық жоспар орындалды, Павлодар ауданын қоспағанда. Ішкі сауда бойынша мақсатты көрсеткіш қалаларда ғана орындалды.

Өңір басшысы Асайын Байханов қала мен аудан әкімдері жылдық макрокөрсеткіштерді орындау үшін барын салып, келер жылы бұл көрсеткіштен төмендемеуі тиіс деді.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Барлық сұрақтар бойынша бәрі күшінде. Егер меморандум бойынша көрсеткіштер орындалмаса, оны орындай алмаған әкімдер бонустық қордағы қаражаттан айырылады. Яғни үш көрсеткіш орындалмаса 60 пайыздан бастап қаржы шешіледі.

11 айда облыс бюджеті кіріс бойынша 100,5 пайызға орындалды. Бюджет қаражатының 98,1 пайызы игерілді.

Самал Қалиқызы, ЕА