Тілектес ауылында жағымды жаңалықтар көп. Мәселен жаңа мектеп құрылысы басталды. Толығырақ әріптесім Қымбат Садық тарқатады.
Бұған дейін біздің арна тілшілері Аққулы ауданы Тілектес ауылында апатты жағдайда тұрған ескі мектепте оқушылар білім алып жүргені жайында айтып, көрсетті. 1972 жылы бой көтерген білім беру мекемесінде қазір 50 бала оқиды. Қамыстан қаланған нысанға наурыз айында сараптама жасалып, тексеру барысында мектеп апатты деп танылды. Өңір басшысы тұрғындардың өтінішін ескеріп, келер жылы бой көтеретін жаңа мектептің құрылысына сәттілік тіледі.
ЕРҚАНАТ ЖҰМАТОВ, МЕРДІГЕР
Жоба осы желтоқсан айында басталып, келер жылдың тамызына аяқталады деп жоспарланған. Ақпан айында кірпішін қалап бастаймыз. Абаттандыру, алаңдар салу жұмыстардың барлығы болады. Жаңа оқу жылына дейін аяқтап үлгереміз деген ой бар.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жазғытұрым кездескен кезде өздеріңізгне айттым ғой бір шешемін табамыз, келеміз, қазір кішкене сабырлық сақтаңыздар деп. Сондықтан сабырлық сақтап, күткендерініз үшін рахмет. Бұйыртса бұл мектепке кіріп, ашылуын тойлаймыз деп ойлаймын. Сондықтан жақсы, осындай қадамдар көп болсын.
Жаңа мектеп 90 балаға арналған, бұдан бөлек оның ішінде оқушыларға арналған шағын орталық та болады. Абаттандыру бойынша екі спорт алаңы – шағын футбол және баскетбол алаңдары және балалар ойнау алаңы қарастырылған. Бұл бастамаға оқушыларда дән риза.
Жаңа мектеп жұмыс жасайды және нағыз білім ордасы болады деп сенеміз. Бүгін біз үшін ең қуанышты күн. Енді жаңа мектепте оқитын боламыз, осындай үлкен бастаманы бастап бергеніңіз үшін сізге бар оқушылар атынан ризашылығымды білдіремін.
Ауыл тұрғындары елдімекеннің күн санап көркейіп келе жатқанына қуанып, алғыстарын білдірді.
ГҮЛЗАҒИРА ӘУБӘКІРОВА, ЗЕЙНЕТКЕР
Ауылымызда ақырғы 4-5 жыл ішінде түгелі қамтылған. Балаларға футболный поля, площадкалар да салынды. Бәлен жыл тосқан армандарымыз істелініп жатыр . Ол Жаңа Қазақстанның дамығанын көрсетеді, бұл соның белгісі.
Бұдан бөлек ауылдағы жаңа медициналық пункттің құрылысы аяқталды. Нысан Мемлекет басшысының «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды. Жергілікті тұрғындарға бұрын шағын тұрғын үй ішінде көмек ұсынылған екен. Жаңа медициналық пункт заманауи, барлық стандарттарға сай. Онда екі маман жұмыс істейді.
АЙДЫН КӨПАЙДАРОВА, АҚҚУЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Мұнда біз ең бірінші дәрігерге дейінгі көмек көрсетеміз және балалар мен үлкен адамдарға амбулаторлық көмек көрсетеміз. Бізде телекардиографа, екі физитерапиялық аппарат, улытразвукты облучатель және танометр сияқты жабдықтар бар.
Жалпы, Тілектес ауылы халқының жағдайы жақсарып, жаңарып келеді. Тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін игі істер атақарыла бермек.
ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА, АҚҚУЛЫ АУДАНЫНАН