Қаламыздағы "Эхо гор" би студиясы Кабардино-Балқар Республикасында өткен екінші халықаралық көпжанрлы «Хрусталь Терпсихора» фестиваль-байқауының жеңімпазы атанды. Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.
"Эхо гор" би студиясы бірнеше рет көптеген байқауларда топ жарған. Бұл жолы ұжым кезекті рет халықаралық фестивальге қатысты. Олар 8 бен 15 жасқа дейінгі жас санатындағы "Халық биі" аталымында сынға түсіп, "Вайнах биін" жоғары деңгейде орындап шықты. Мінсіз хореографиясымен ұжым гранпри иеленді.
ИМАН САЛИХАНОВ, «ЭХО ГОР» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Марапаттау сәтінің алдында қазылар алқасымен бірге дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда біздің ұжымның шығармашылығы, шебердік деңгейі жоғары екенін айтып, тіпті, мемлекеттік деңгейдегі би ұжымдарымен бірдей екенімізді атап өтті, ұжым деңгейі мемлекеттік деңгейде екенін айтты. Сондықтан қазылар алқасы бізді басқа ұжымдардан осылай ерекшелендіргеннен кейін, мен жеңіске жеткенімізді бірден түсіндім
Байқауға барлығы 82 ұжым қатысты, олардың көпшілігі кавказдықтар. Павлодарлық бишілер де өз мүмкіндіктерін жоғары пайдаланып, көпшілікті таңқалдыра алды. Жас бишілер байқауға қатысып ғана қоймай, Кавказ елінің мәдениеті мен дәстүрлерімен де танысып қайтты.
ИМАН САЛИХАНОВ, «ЭХО ГОР» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Біз тек Кабардино-Балкарияға барған жоқпыз, Солтүстік Кавказда, көршілес Ингушетия, Шешенстан Республикасында болдық. Ол жақта би ұжымдарымен қызықты экскурсия өтті. Тағы да жергілікті халықтың Кавказ биін керемет орындайтынына таңғалып қайтық
Осындай ауқымды фестиваль би өнерінің елдер арасындағы көпір бола алатынын көрсетеді. Алдағы уақытта «Эхо гор» би студиясы жаңа белестерді бағындыруға тыңғылықты дайындық жүргізуде.
Қымбат Садық