Биыл елімізде балалар мен жасөспірімдер арасында 12 мыңнан астам профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Ювеналды полиция қызметкерлері білім беру мекемелерімен қоян қолтық жұмыс істеген. Балалар құқықтары жөнінде ашық сабақ өткізіп, құқық бұзушылыққа бейім оқушыларды анықтаған. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бір жыл ішінде 94 мыңнан астам кездесу ұйымдастырылды. Бұл мектептерде қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді. Бұған қоса, маңызды міндеттердің бірі интернеттегі заңға қайшы контентпен күресу болды. Жыл басынан зорлық-зомбылық пен суицидті насихаттайтын 127 сайтты қосқанда, 35 мыңнан астам заңсыз ресурстар анықталды. Мұндай қауіптерге қарсы белсенді әрекет ету жасөспірімдерге теріс әсер етудің алдын алуға және олардың заңсыз әрекеттерге қатысу қаупін азайтуға көмектеседі. Орындалған іс нәтиже беруде. Адам өлтіру -29%, ұрлық -19%, ал тонау -15% төмендеген.