Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды.

Екі ел осы алаңда инвестиция, жасыл және исламдық қаржыландыру, сондай-ақ қаржы саласының мамандарын оқыту секілді басым бағыттар бойынша ынтымақ орната алады. Бүгінде қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция көлемі 14 миллиард долларға жеткен. Мұнда 85 елдің 3400-ден астам компаниясы тіркелген. Олардың қатарында Африка құрлығынан 6 компания бар. Лидерлер АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің жұмысымен және қаржы орталығының реттеу режимінің ерекшеліктерімен танысты.